«Ұруға рұқсат берілді»: Тәліптер Ауғанстандағы әйелдердің құқығын тағы шектеді
Фото: Reuters
Ауғанстанда «Талибан» билігі жаңа қылмыстық кодексті ресми түрде қабылдады. Бұл құжат құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz The Sunday Guardian басылымына сілтеп.
Сарапшылар құжаттағы бірқатар баптар тұрмыстық зорлық-зомбылықты заңдастырып, әйелдер мен балалардың негізгі құқықтарын айтарлықтай шектейтінін ескертті.
Әсіресе ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне арналған 32-бап үлкен наразылық тудырып отыр. Аталған бапқа сәйкес, әйелін ұрған күйеуі бар болғаны 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Бұл жаза әйел сотта зорлық-зомбылықты дәлелдей алған жағдайда ғана қолданылады. Яғни, сот әйелдің денесіндегі жарақат пен сынықтарды ғана есепке алады.
Кодекс жеке адам құқықтарынан гөрі патриархалды жүйені және идеологиялық қысымды жоғары қояды. Ол әйелдердің жүріп-тұруын, қарым-қатынасын, отбасылық шешімдерін және жеке сенімдерін қатаң реттейді.
Сондай-ақ, діннен «бас тартқандарға» қатысты да аса қатал шаралар көзделген. 58-бапқа сәйкес, ислам дінінен бас тартқан әйелдер өмір бойына бас бостандығынан айырылып, тәубеге келіп, исламға қайта оралғанға дейін әр үш күн сайын 10 рет дүре соғу жазасына кесілуі мүмкін. Ал ер адамдарға қатысты өзге тәртіп қолданылады. Ханафи құқық нормалары бойынша оларға тәубеге келу үшін үш күнге дейін уақыт беріледі, содан кейін өлім жазасы қолданылуы мүмкін. Құқық қорғаушылар мұны заңдағы ер мен әйел арасындағы айқын кемсітушілік деп бағалайды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақпын деп танысып, жәрдемақы алып келген ауғанстандық жазаланды
- Тәліптер Ауғанстанда желіні толығымен өшірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық