Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
Бейнеден кадр
Алматы әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен болған «лицензияларды заңсыз тарату» бойынша қылмыстық схеманы Қаржылық монитринг агенттігі әшкереледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство мәліметінше, 2021 жылдан бастап қылмыстық схемаға қатысушылар Алматы қаласы «Қалалық құрылыс бақылау басқармасы» КММ қызметкерлерімен сөз байласып, өздеріне қарасты компаниялар арқылы өндірістік базалардың, арнайы техниканың және білікті инженерлік-техникалық мамандардың бар екені туралы жалған деректер ұсынған.
Алайда іс жүзінде белгіленген талаптарға сәйкестік болмаған.
Тергеу деректеріне сәйкес, мұндай «қызметтің» құны 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін барған.
«Нәтижесінде қолданыстағы біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында I санаттағы лицензияларды заңсыз алған. Тінту барысында заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер тәркіленді» деп жазылған хабарламада.
Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, Orda.kz бірер сағат бұрын алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) жалған парақшаларын жасап, онда «жәбірленушілерге қаражатты қайтару» туралы ақпарат таратып жатқанын хабарлаған болатын. Қаржылық мониторинг агенттігінде дипфейк технологиясын пайдалану арқылы жасалатын жаңа алаяқтық фактілері туралы ескертті. Бұл жағдайда қаскөйлер ресми өкілдің бейнесін қолдан жасап, мемлекеттік органның жалған сайтын пайдаланған.
Оқи отырыңыз:
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Тоқaев көлеңкелі экономикамен күресетін үш агенттіктің өкілеттігін кеңейтті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық