Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
Фото: gov.kz
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы күннен күнге өсіп барады. Соңғы бір жылда орташа есептегенде азық-түлік 7,1 пайызға қымбаттады. Ал еттің бағасы тіпті шарықтап кетті. Ет және ет өнімдері бағасы бірден 30 пайызға көтерілген. Бұл туралы Orda.kz EnergyProm деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) орташа бағасы бір жыл ішінде 7,1 пайызға өскен. Қазіргі таңда жаңартылған ӘМАТ тізіміне 31 атау кіреді. Қалалар арасында баға өсімі бойынша Жезқазған (10,6%) мен Ақтау (9,8%) алдыңғы қатарда. Одан кейін Тараз (9%) және Семей (8,9%) тұр.
Ал ірі қалаларда жағдай салыстырмалы түрде тұрақтырақ. Алматыда баға 7 пайызға өскен, Астанада бұл көрсеткіш республика бойынша ең төмен деңгейде қалып, 5,2 пайыз болды.
Бағаның ең күрт өсуі ет өнімдерінде тіркелді:
- Сиыр еті (сүйексіз) — +30,7%;
- Қой еті — +29,2%;
- Сиыр еті (сүйегімен) — +28,7%;
- Тартылған ет (фарш) — +26,6%;
- Жылқы еті — +17,7%.
Сонымен қатар сәбіздің бағасы 17,2 пайызға, күнбағыс майы 15,8 пайызға, ал тұз 13,9 пайызға өскен.
31 тауардың тек бесеуі ғана, атап айтқанда, қияр 16,5 пайызға, қызанақ 9,7 пайызға, картоп 7 пайызға, күріш 4,9 пайызға және пияз 1,6 пайызға арзандады.
Бұған дейін Қазақстанда сиыр етінің не себепті қатты қымбаттағаны туралы жазған едік. Соған қарамастан, қазақстандықтар ет тұтынуды азайтқан жоқ. Мәселен, 2025 жылдың үшінші тоқсанында ет өнімдерін тұтыну 3,6 пайызға артып, бір адамға шаққанда бір тоқсанда 21,3 келі болған.
Оқи отырыңыз:
- Етті түсіңде көресің: Ел халқы көп тұтынатын негізгі тағамдар қымбат, үкімет шешім таба ма?
- Шымкентте 200-ден астам кәсіпкер бағаны көтергені үшін жауапкершілікке тартылды
- Еститін үкіметке: Аралтұздағы жұмыссыздық және қарапайым жұмысшының көрген теперіші
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық