Оралда өртке оранған үйден 89 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

cover БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға 25 қаңтарда 22.22-де Артығалиев көшесінде орын алған. Өрт орнында қарт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ORDA БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке үйде тұрмыстық заттар, жиһаздар мен шатыр өртеніп кеткен. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады.

«Өрт орнында 1932 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды. Өрт 23.37-де сөндірілді. 26 қызметкер мен жедел-құтқару жасағының 8 бірлігі, ПД тергеу-жедел тобының 6 қызметкері мен екі техникасы «өрт орнына» барған», - делінген министрліктің хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрт себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар