Олжас Бектенов қазақтың аңыз ұшқышы - Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
Фото: ҚР Үкіметі
Премьер-Министр Олжас Бектенов Кеңес Одағының екі мәрте батыры, аты аңызға айналған шабуылшы ұшқыш Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Салтанатты шара жеңістің 80 жылдығына орай өтті. Оған қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Соғыс кезінде Талғат Бигелдинов 305 жауынгерлік ұшу жасап, 500 сағаттан астам уақыт әуеде болып, дұшпанның ең мықты жеті ұшағын атып түсірді.
Соғыстан кейін ол Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту мен мамандар даярлауда аянбай еңбек етті.
Бұған дейін президент қазақстандықтарды жеңіс күнімен құттықтаған болатын. Халыққа үндеуінде ол жеңістің 80 жылдығының ерекше маңыздылығын, майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығын ерекше атап өтті.
Тоқаев жеңістің қандай бағамен келгенін еске салып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.
Мерейтойлық датаға орай бүкіл ел бойынша естелік іс-шаралар өтіп жатыр, соғыс батырларының құрметіне 500-ге жуық көше атауы өзгереді. Астанада әскери парад өтті. Президент азаматтарға денсаулық, бақыт және бейбітшілік тіледі.
Мәскеудегі жеңіс парадына қай мемлекеттердің басшылары қатысады және қай ел жетекшілері не себепті Мәскеуге бармайтыны туралы баяндадық. Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті.
Orda.kz екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес одағы ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері туралы зерттеу мақаласын жариялады.
Соғыс кезінде шекараның арғы бетінде қалған Қытайдағы қазақтар да азаттыққа жетуге ұмтылды. Саяси күштер, соның ішінде өз мүддесін ойлаған Кеңес үкіметі де оларды астыртын қолдап, тыңшыларын жіберді. Сондай құпиялардың бірі — Баймұқат Тілеубаевтың Қытай еліне тыңшы болып барғаны туралы да оқи отырыңыздар.
Астанада 7 мамырда жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруде кеудесі медальға толы қарт адам қоршаудың сыртында қалып, жұртшылық бұл оқиғаға назар аударды.
Жаңалықтар
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды