Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» образында, Джеки Чан арнайы келді
Фото: ҰОК
Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясындағы көрсетілім бағдарламасына қатысты. Ол «Кунг-фу панда» образында өнер көрсетіп, өзін тамашалауға келген Джеки Чаннан ілтипат сыйлығын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Милан мұз айдынында гала-концерт өтті. Оған Олимпиада–2026 жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ шақырылған мәнерлеп сырғанаушылар қатысты. Олардың қатарында америкалық Илья Малинин, франциялық Адам Сяо Хим Фа және ресейлік Аделия Петросян бар.
Ерлер турнирінің чемпионы ретінде Шайдоров қорытынды бөлімде өнер көрсетті. Ол бұған дейін таныстырылған «Кунг-фу панда» образындағы көрсетілімін ұсынды. Салмақты костюмге қарамастан, қазақстандық спортшы бірнеше күрделі элементті, соның ішінде секірулерді сәтті орындады.
Нөмірге жұптық сырғанаудан күміс жүлдегер Лука Берулав та қатысты. Сонымен қатар «Кунг-фу панданың» қарсыласы образын Дэдпул костюмін киген тағы бір мәнерлеп сырғанаушы сомдады.
Шайдоров мұз айдынынан шыққан сәтте оны қолына ойыншық пандалар ұстаған әйгілі қытай актері Джеки Чан қарсы алды. Гала-концерттің құрметті қонағы спортшының өнерін жоғары бағалап, онымен құшақтасты.
Шоу соңында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы барлық қатысушылармен бірге мұзға қайта шығып, көрермендерге алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шайдоровтың еркін бағдарламаға арналған костюмі Олимпиадалық музейге табыстады. Ал Олимпиададағы жеңісі үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен спортшы «Барыс» орденімен марапатталды.
Оқи отырыңыз:
- Олимпиада–2026: Соңғы жарыс күні, жабылу салтанаты
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық