Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров жарысқа киген костюмін музейге тапсырды
Коллаж: ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламада өнер көрсеткенде киген костюмін Олимпиада музейіне табыстады. Салтанатты рәсім Миландағы Коньки спорты үйінде өтті, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстан Республикасы ҰОК-іне сілтеме жасап.
Іс-шараға Халықаралық конькишілер одағының басшысы Ким Чжэ Ёль, Олимпиада музейі директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин қатысты. Ол өз сөзінде Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісі Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан алған алғашқы олимпиадалық алтыны екенін еске салды.
Спортшының өзі де костюмді музейге табыстау сәті ол үшін айрықша маңызды екенін айтты.
«Бұл костюм — біздің олимпиадалық арманға жету жолымыздың символы. Сондықтан енді оның әлемдік олимпиадалық қозғалыстың экспонаттары қатарында Қазақстан спортының тарихын паш ететіні қуантады. Ол олимпиадалық арман шекарасыз екенін, әрбір спортшы ұлы олимпиадалық тарихтың бір бөлігі бола алатынын білдіретін нышанға айналсын», — деді Шайдоров.
Айта кетейік, спортшы бұл костюммен Олимпиадаға дейін де, Гран-при финалында мұз айдынға шыққан. Ойын алдында қазақстандық дизайнерлермен бірлесіп, киім үлгісі жетілдірілді: ғарыш кеңістігі мен «Пятый элемент» фильмінің атмосферасынан шабыт алған қою көк түс таңдалды. Михаил еркін бағдарламасын дәл осы фильмнің әуенімен орындаған. Образ жұлдызды аспан әсерін беретін жылтыр тастармен сәнделген.
Еске салсақ, Михаил Шайдоров Италияда өткен Олимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихындағы қысқы спорт түрлері бойынша екінші Олимпиада чемпионы атанды.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- «Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық