Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
14 ақпан күні таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтап, оны «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапаттау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Құттықтауында президент отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет жеңіп алған алтын медальдің тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдірді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айбек Смадияр өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық спорт жанкүйерлері мен ел азаматтары спортшымыздың осы айтулы жетістігін зор мақтанышпен қабылдағанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы атқарылған жұмыс үшін бапкерлер құрамына және салалық министрлік басшылығына ризашылығын білдірді.
Еске салсақ, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қазақстан қоржынына Олимпиада ойындарындағы тұңғыш алтын медаль салған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Италияда Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 36 спортшы жібереді
- Азия чемпионаты–2026: Ел қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы медаль түсті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық