Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
Көрнекі сурет. Фото: pexels.com
Енді онлайн кредитті бірден ала алмайсыз. Банк сізге 24 сағат ойлану уақытын береді. Осы уақыт ішінде шешіміңізді өзгертіп, кредиттен бас тартуға болады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, тағы бір маңызды өзгеріс несие сомасына байланысты.
"Егер кредит сомасы 1000 АЕК-тен асса, жұбайының келісімі қажет. 2026 жылы 1 АЕК = 4325 теңге. Яғни, 4 325 000 теңгеден жоғары кредитке міндетті түрде жұбайының рұқсаты керек", - дейді ол.
Оның сөзінше, бұл өзгерістердің мақсаты асығыс шешімдердің алдын алу, артық қарыздан қорғау және қаржылық қауіпсіздікті арттыру, алаяқтардан сақтану.
"Есіңізде болсын! Кредит — бұл табыс емес, бұл жауапкершілік. Қаржылық шешімдерді әрқашан есеппен қабылдаңыз. Қаржы және экономика саласындағы осындай маңызды жаңалықтарды біліп, бақылап жүріңіз. Қаржылық сауат — сіздің болашақ еркіндігіңіз", - деп жазды депутат.
Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстанда онлайн-кредит беру нарығы қарқынды өсті. Микроқаржы ұйымдары мен банктер бірнеше минут ішінде, құжатсыз әрі кепілсіз қарыз рәсімдеуді ұсынды. Бұл қызмет халыққа қолжетімді болғанымен, сонымен бірге проблемалық берешек көлемінің артуына да әсер еткен. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сәйкес, тұтынушылық несиелер портфелі жыл сайын өсіп жатыр. Әсіресе, онлайн форматтағы шағын несиелерді жастар мен тұрақты табысы жоқ азаматтар жиі рәсімдейді. Сарапшылар асығыс алынған қарыздар, жоғары пайыздық мөлшерлеме және қаржылық сауаттың төмендігі азаматтарды қарыз тұзағына түсіретінін бірнеше рет айтқан.
Бұған қоса, кейінгі жылдары алаяқтардың бөтен адамның атына онлайн-кредит рәсімдеу жағдайлары көбейген. Құқық қорғау органдары тіркеген мұндай істердің саны мыңдап саналады. Осыған байланысты мемлекет биометриялық тексеру, қосымша растау тетіктерін енгізу және кредит беру рәсімін күрделендіру бойынша шаралар қабылдап келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық