Қоңыр Адыр шатқалын сақтап қалу маңызы

cover

Ақмола облысында жергілікті тұрғындар «Қоңыр Адыр» шатқалын сақтап қалуға әрекет етуде.

Orda.kz тілшісі ерекше табиғи оазисті кім бұзғысы келетінін және орман алқабының орнында жоспар бойынша қандай нысан түсетінін анықтады.

«Қоңыр Адыр» — Ақмола облысы, Аршалы ауданының тұрғындарына табиғаттың жасаған үлкен сыйы. Расында айналасы тек сардала. Тек осы жерде ғана жасыл шатқал — таңғажайып жартастар, орман, бұлақтар, саңырауқұлақтар мен жидектерді көруге болады. Қазіргі таңда осы табиғаттың керемет сыйын сақтап қалу үшін белсенділер қолдарынан келген шараларды қолдануда.

Қариялардың айтуынша бұл жер көне тарихтың күәсі. Осы арада көптеген шайқастар өтті, адамдар тұрақтанды, жер игерілді. Ал енді күтпеген жерден «Дорстройтрест» компаниясы осы аймақта құрылыс тасын өндіруге рұқсат алғаны белгілі болды.

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу

— Біз бұл туралы кездейсоқ білдік. Екі жыл бұрын қоғамдық тыңдаулар өткен екен. Билік бұл іс-шара туралы хабарландыруды Аршалы қаласынан бес сағаттық жерде орналасқан облыстың орталық газетіне жариялаған. Карьердің құрылысына қай тұрғындар барып рұқсатын бергені белгісіз. Хаттамаға қол қойылғаны ғана белгілі. Тізімде өз фамилиясын көрген жерлесіміз С. Жиылғанова қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке наразылық білдіріп жатыр, - дейді Аршалы тұрғыны Олег Шубенок.

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу
Олег Щубенок
Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу

Жергілікті белсенділер де прокуратураға хат жолдап, тыңдаулар әділетсіз өткенін айтты. Белсенділердің айтуынша карьерді салуға рұқсат еткен құжатта шынайылық жоқ. Мысалы, «іргелес аумақта су көздері жоқ» деп көрсетілген. Шын мәнінде, «Қоңыр Адыр» шатқалында бес су көзі бар. Ол жердегі судың құрамы минералды суға жақын. Сонымен қатар Есіл мен Вячеслав су қоймасы Нұр-Сұлтан қаласы үшін су көзі.

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу

Аршалы кентінің жанында ондаған қиыршық тас карьерлері жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндағы жолдар қиыршық құммен жабылған, ал құрғақ ауа-райында көліктер радиоактивті шаң көтереді. Аллергия, демікпе, онкология сияқты ең көп таралған аурулар туындайды.

— Сирек кездесетін ағаштар, жануарлар мен құстар әлі де көп. Осыдан үш жыл бұрын тас 40 карьерде өндірілген. Қазір олардың саны азайды: Нұр-Сұлтандағы құрылыс қарқыны төмендей бастаса да қиыршық тасқа деген қажеттілік бар. Ал «Қоңыр Адыр» шатқалын иемденіп алған компания өздеріне берілген жерде жаңа карьер қазып алады дейді, - Аршалының тағы бір тұрғыны Виталий Олифер.

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу
Виталий Олифер

Берілген жерде қазу жұмыстарын бастаған компанияның тарихына тоқталсақ. Дорстройтрестің де бай тарихы бар екені белгілі болды. Компания жұмысын 1977 жылдан бастапты. Осы уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша көптеген нысандар салынды. Компанияның ұраны — «Біз сүйіспеншілікпен құрамыз». Компания өз «сүйіспеншілігімен» енді шатқалдың табиғи сұлулығына қол сұқпақшы. Orda.kz компаниядан жауап алуға үміттенеді.

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу

Бұл қалай болғаны?

Аршалы белсенділерінің қақпаған есігі жоқ. Бірақ, жергілікті биліктегі Айдар Байманов ауданға жаңадан келген басшы.

«Жергілікті әкімдер – бұл уақытша адамдар. Олардың отбасылары астанада тұрады. Олар ауылдың проблемаларын білмейді және білгісі келмейді», - дейді Олег Шубенок.

Белсенділердің облыстық билікпен байланысы да бар. Шатқал орнында тағы бір карьер қазу кімге және не үшін қажет болды деген сұраққа олар Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың жауабын алды. Ол бәрі заң бойынша жүріп жатыр деп сендірді. Дорстройтрест 2019 жылы құрылыс тасын өндіруге лицензия алды, сондықтан «карьерді дамытуға тыйым салуға негіз жоқ».

Конституция бойынша, халық — биліктің қайнар көзі, бұл билікті сеніп тапсырған адамдардан, яғни олар әкімдер мен депутаттардан неліктен жеке компания табиғи оазисті жою құқығына ие болғанын білуге тырысады. Ал олар халыққа заң туралы жауап беріп, жанашырлық танытады!

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу

Айтпақшы, әкімнің орынбасары өз хатында Қоңыр Адырда тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштердің жоқтығын сөз етеді. Бірақ аршалылықтардың Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан тағы бір хаты бар. Мұнда екі археологиялық ескерткіш бар екені айтылады. Біріншісі Ижевск зираты (қола дәуірі) және Ижевск тұрағы (палеолит дәуірі), олар жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Бұл мемлекеттік құрылым осы жылдың көктемі мен жазында «Қоңыр Адыр» шатқалында зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлады.

Жергілікті нұротандықтар да мәселеден тыс қалған жоқ. Сәуір айында аудандық мәслихат депутаттары А.Н.Анюхина, А.Слободянюк және Г. О.Ахимованың белсенділермен кездесуі ұйымдастырылды. Бірақ, Анюхина мәселені бізбен талқылағысы келмеді.

«Жасыл құтқару» экологиялық қоғамының төрағасы Сергей Куратов жер мәселесі тек Ақмола облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда өзекті деп санайды.

Кому помешала Басакина балка: в Акмолинской области активисты бьют тревогу
Сергей Куратов. Фото: vlast.kz

— Біріншіден, біздің заңнамада кез-келген жер учаскесін алуға мүмкіндік беретін бірқатар даулы және бір-біріне қайшы келетін нормалар бар. Екіншіден, қазір мемлекетке тиесілі ең құнды және ыңғайлы жерлерге жасырын шабуыл жасалуда. Мұндай көріністі, мысалы, ұлттық саябақтарда байқаймыз. Үшіншіден, бұл, әрине, жемқорлық.

Куратов жерді өздігінен басып алу елде, әсіресе қалаларда кең таралған дейді. Мысалы, оның айтуынша, Алматыда су қорғау белдеулерінің барлығы дерлік басып алынған. Су кодексінде су қорғау белдеулерінің режимі нақты белгіленгеніне қарамастан, өзендердің жанындағы аумақтар тығыз орналасқан. Құрылыс кезінде масқара жағдайлар орын алады: олар су қоймаларын жауып, өзен арналарында рұқсат етілмеген қоқыс полигондарына айналдырды.

Жағдайды қалай түзетуге болады? Сарапшы басқа елдердің тәжірибесіне қарап, бұл өте ұзақ процесс дейді.

— Саяси ерік қажет. Өкінішке қарай, экологиялық заңнаманы, оның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтарды сотта даулау өте қиын. Егер сіз жеңіске жетсеңіз де, шешімнің орындалуына қол жеткізу одан да қиын. Олар бірнеше жылдар бойы орындалмайды, тіпті қоршауды бірнеше метрге жылжыту немесе полигонды жою сияқты қарапайым міндеттемелер орындалмайды.

Аршалы кентінің тұрғындары өз шатқалдарын сақтап қалу үшін аянбай күрес жүргізетіні айдан анық. «Қоңыр Адыр» шатқалының ерекше статусын дәлелдеу үшін әлі талай есікті қағу керек болар.

Автор: Анна Даниловская
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар