Нұрсұлтан Назарбаев екі мүлкінен айырылды

cover

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырылатын екі су электр стансасы (СЭС) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның меншігіне өтті.

Бұл туралы KASE деректері бойынша білуге болады.

Осылайша, бағалы қағаздары Қазақстандық қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2023 жылғы 25 сәуірден бастап «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС және «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС-де 100% қатысу үлесіне ие болғанын хабарлады.

Бұған дейін Үкімет БАӘ инвесторларының екі қазақстандық су электр стансасын одан әрі жекешелендіруіне негіз болатын құжатты Мәжілістен қайтарып алған болатын – бұл жоба бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырылған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар