Нұрлан, алыстан айбат шеккенше, менімен бетпе-бет кел! - Жигули Дайрабаев

cover Фото: zhvestnik.kz

«Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаевтың этикаға сай емес сөзіне жауап берді.

Видео арқылы қабақ шытып, қарымта қайтарған үміткердің жауабын Төлеутай Рахымбеков өз парақшасында жариялады.

- Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. Қандай ойың бар екен? ЖСДП деген партия бар ма екен, өзі? Мен төрт аймақты араладым. Ауылдастар ЖСДП деген партияның бар екенін білмейді. Сенің өзіңді, Нұрлан Әуесбаевты, танымайды да! Алыстан айбат шеккенше, сен менімен кездесші, алдымен! - деді Жигули Дайрабаев.

Еске салсақ, 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткерлер Қазақстан халқымен жүздесіп, аудан-ауылдарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар