Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
Коллаж: ЖИ
Алматы облысы Қарасай ауданында 10-нан астам елді мекен сусыз отыр. Тұрғындардың сөзінше, (BEYAZH TRANS) «Биаш Транс» компаниясының миллиард теңгеге жуық қарызы, тозығы жеткен инфрақұрылым және жылдар бойы шешілмеген мәселелер бірнеше ауылды сусыз қалдырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ ауылының тұрғындары кеше әкімдік өкілдеріне ауыз су мәселесіне байланысты наразылық білдірді. Олардың айтуынша, ауылда бесінші күн қатарынан су жоқ. Тұрғындар бұл мәселе тек Алмалыбаққа ғана емес, Қарасай ауданында 10-нан астам елді мекенге ортақ екенін айтады.
Ауыл тұрғындарының сөзінше, Қарасай ауданында су тарату қызметін атқарған «Биаш Транс»компаниясы жылдар бойы су мұнаралары мен құбыр желілеріне қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Соның салдарынан апаттар жиілеп, су сорғылары үнемі істен шығып отырған.
«Бұл бір күннің немесе бір жылдың мәселесі емес. Соңғы үш жыл бойы тұрғындар үнемі шағым жазып, түрлі мемлекеттік органдарға жүгініп келеді. Тіпті президентке де үндеу жолдауға мәжбүр болдық. Жағдай өткен жылдың көктемінен бастап тіпті қиындап кетті. Жазда ауылымызда өрт болып, тұрғын үйлер өртенген кезде де су болмады. Себебі кезекті рет су жүйесіндегі сорғы істен шыққан еді», – дейді ауыл тұрғыны Олеся Тимченко.
Тұрғындардың айтуынша, кейін Қарасай ауданы әкімдігі мен компания арасында сот дауы басталған. Бір жылдан астам уақытқа созылған сот процесінің нәтижесінде компаниямен жасалған келісімшарт жарамсыз деп танылған. Алайда бұл мәселені шешпеген. Тұрғындар «Биаш Транс» электр энергиясын жеткізетін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ алдында ірі көлемде қарыз жинағанын айтты.
«Біздің ауылдардағы су ұңғымалары электр қуатымен жұмыс істейтін сорғылар арқылы іске қосылады. Сондықтан электр энергиясы болмаса, су да болмайды. Бүгін де Ұмтыл, Райымбек, Іргелі ауылдық округтерінің және жалпы Қарасай ауданындағы көптеген елді мекендердің тұрғындары осы мәселенің зардабын тартып отыр», – дейді Олеся Тимченко.
Тұрғындардың сөзінше, кеше аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Беқсұлтан халықпен кездесуде компанияның «Алатау Жарық Компаниясы» алдындағы қарызы шамамен 1 миллиард теңгеге жеткенін мәлімдеген. Олардың айтуынша, дәл осы қарыздың салдарынан су ұңғымаларының жұмысы тоқтап, бірнеше ауыл бірнеше күннен бері сусыз қалған.
Тұрғындар ауыз су мен тұрмыстық су тапшылығынан зардап шегіп отырғандарын айтып, мәселені шұғыл шешуді талап етті. Сонымен қатар, тұрғындардың айтуынша, сот шешімінен кейін су нысандары әкімдік балансына өткен. Яғни, бұған дейін «Биаш Транс» компаниясының қарамағында болған су ұңғымалары мен су жүйелері мемлекет меншігіне берілген. Алайда тұрғындардың пікірінше, жағдай әлі өзгермеген.
Кеше өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасарынан бөлек, Ұмтыл ауылдық округінің әкімі мен оның орынбасары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы және жаңа мердігер ұйым өкілдері қатысқан. Шенеуніктер мәселені нысандарды қабылдау-тапсыру рәсімдерінің аяқталмауымен түсіндірген.
«Қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдеу үшін уақыт керек дейді. Бірақ бұл олардың заңдық мәселесі. Халыққа оның қандай қатысы бар? Біз су үшін төлем жасадық, енді су талап етеміз. Ал олар құжат рәсімдеп жүргенде, бес күннен бері халық сусыз отыр», – дейді тұрғындар.
Олардың айтуынша, билік тек тұрғындардың наразылығынан кейін ғана әрекет ете бастаған. Нақты осы жылғы cудың жыры 30 сәуірден бастап, мамыр бойы бір күн өшіп, бір күн су беріліп адамдардың берекесін кетірген.
«Кешегі жанжалдан кейін кешке бір су таситын көлік келді. Бүгін таңертең тағы бір су таситын көлік жіберілді. Бірақ бұл мәселені шешпейді де ауылдарға түгел жетпейді де. Ауыл тұрғындарына тұрақты су қажет», – дейді олар.
Бұдан бөлек, тұрғындар ауылдағы су құбыры желілерінің жағдайы өте нашар екенін айтады. Олардың мәліметінше, ішкі су жүйесінің тозу деңгейі шамамен 90 пайызға жеткен. Ескірген құбырлар жиі жарылып, апаттар тұрақты түрде қайталанып отырады.
«Құбырлардың жағдайы өте нашар. Оларды пайдалануға жарамсыз деуге болады. Ауыз су келетін су тарту нысанының жағдайы да өте ауыр. Қажетті жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген. Инфрақұрылым әбден тозған. Егер су жүйесіне жақын арада күрделі жөндеу жүргізілмесе, мұндай жағдайдың алдағы уақытта да қайталанады», – дейді тұрғындар.
Orda.kz Қарасай ауданындағы ауыз су мен электр энергиясына қатысты жағдай бойынша аудан әкімдігіне ресми сауал жолдадық. Әкімдіктің мәліметінше, 10 маусым сағат 15:00-ден бастап бұрын «BeyAzh Trans» желілеріне қосылған абоненттер үшін инженерлік жүйелерді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстары басталған.
«Ауыз су жүйелері толықтай “Таусамалы қызмет” МКК теңгеріміне беріледі, ал электрмен жабдықтау жүйелері “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның сенімгерлік басқаруына тапсырылады. Әкімдік бұл ақпараттың тек «BeyAzh Trans» желілеріне қосылған тұрғындарға қатысты екенін атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында екені хабарланды», – деп түсіндірді Қарасай ауданы әкімдігі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды