Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
Фото: Instagram.com / bibisarachess
Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның президентке жолдаған үндеуінен кейін шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Вице-министр Серік Жарасбаевтың түсіндіруінше, 2025 жылғы заңнамалық өзгерістерге байланысты шахмат олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілмейді. Соған орай тарифтік тор өзгеретіндіктен, спортшының жалақысы 1 миллионнан шамамен 300 мың теңгеге дейін қысқарған.
Дегенмен, вице-министр Асаубаеваға бөлінетін қаражат көлемі керісінше жыл сайын өсіп жатқанын алға тартты. Биыл халықаралық жарыстарға дайындық үшін қордан 100 миллион теңге, ал үш жылдың сомасын қосқанда жалпы 243 миллионға жуық теңге бөлінген. Серік Жарасбаевтың сөзінше, бұл сома жоғары деңгейде өнер көрсетуге толық жетеді.
Ал ІІ дәрежелі «Барыс» ордені шахматшыға 8 наурыз мерекесінде Ақордада табысталуы тиіс болған. Алайда спортшының жарыс кестесі тығыз болғандықтан, шараға қатыса алмаған. Министрлік марапат Бибісара елге оралған бойда міндетті түрде жеке табысталатынын жеткізді.
Бұған дейін, Бибісара Асаубаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жариялап, кәсіби спортты қолдау мәселесіне назар аударуды сұрады. Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындық кезінде қаржыландыру тапшылығы салдарынан көптеген шығындарды өзі мен ата-анасы көтеруге мәжбүр болған.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық