Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қазақстанның танымал шахматшысы Бибісара Асаубаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жариялап, кәсіби спортты қолдау мәселесіне назар аударуды сұрады. Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындық кезінде қаржыландыру тапшылығы салдарынан көптеген шығындарды өзі мен ата-анасы көтеруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Спортшының сөзінше, әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Norway Chess 2026 жарысына дайындыққа қажетті қаражатты өз жүлде қорынан және ата-анасының көмегімен төлеген. Сонымен қатар, команда құрамындағы аналитиктер мен секунданттардың еңбекақысы әлі күнге дейін төленбеген.
Бибісара Асаубаева жаңа Спорт министрлігі басшылығы келгеннен кейін өзінің жалақысы үш есе қысқарғанын айтты. Ол қазіргі таңда блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы екенін және қазақстандық шахматшылар арасында әлем чемпионы атағын иеленген жалғыз спортшы екенін атап өтті.
Шахматшының айтуынша, ол қолдау алу үшін Спорт министрлігіне және Sport Qory қорына бірнеше рет жүгінген. Белгілі бір көмек көрсетілгенімен, кейін қаржыландыру ешқандай түсіндірмесіз тоқтатылған.
«Соның салдарынан үміткерлер турнирі сияқты аса маңызды жарысқа секунданттарымды өзіммен бірге апара алмадым. Олармен қашықтан жұмыс істеуге тура келді», – деді спортшы.
Бибісара Асаубаева сондай-ақ 2025 жылдың соңында Президент жарлығымен өзіне берілген II дәрежелі «Барыс» орденін әлі күнге дейін алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, марапатты тапсыру рәсіміне қатысу үшін Астанаға үш рет барғанымен, әр жолы салтанатты жиын кейінге шегерілген.
Спортшы Президент Әкімшілігіне бірнеше мәрте хат жолданғанын да айтты.
«Сіздің атыңызға сәуір және мамыр айларында үш хат жолдадық. Әлі күнге дейін жауап жоқ. Хаттарды министрге WhatsApp арқылы да қайта жібердік. Алайда жауап болмады. Алда маңызды жарыстар, оқу-жаттығу жиындары және үлкен жұмыс күтіп тұр. Маған не істеу керек, құрметті Президент?» – деп үндеу жасады Бибісара Асаубаева.
Әзірге Спорт министрлігі мен Sport Qory қоры шахматшының мәлімдемесіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық