Назарбаевтың ұрпақтары қайда және немен айналысады?
Коллаж: Orda.Kz
Көп жылдар бойы қазақстандықтар еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына қатысты мәліметті тек бюджет есебінен қаржыландырылған, билікке адал телеарналардың сюжеттері мен имидж қалыптастыру үшін жүрген баспасөз хабарламалары арқылы ғана танып келді. Ал қазір Назарбаев әулетіндегі жас буын әлеуметтік желілерде белсенді болып, өздерін табысты кәсіпкер, қажылыққа барған жан, не болмаса «қалыптасқан тұлға» бейнесінде көрсетіп жүр.
Orda.kz тұңғыш президенттің ұрпақтары бүгінде қайда екенін және немен айналысып жүргенін тағы бір саралап шықты.
Құлыбаевтар
Кейде «Нұрсұлтан Назарбаевтың әулеті жайлы айтылмаған дүние қалды ма екен?» деп ойлайсың. Айтыла-айтыла жауыр болып, халық тіпті қазіргі елдің дәл қазіргі жағдайына көбірек қызығатындай көрінеді. Дегенмен, тұңғыш президенттің бала-шағасы мен немерелері жайлы, олардың кәсіптері немесе жаңа таныстары туралы деректер шыға қалса жұрт елең ете қалады. Олардың да жасырынбай, әлеуметтік желіде белсенді болғанының арқасы болао бәлкім. Басылымдар олардың өміріндегі жаңалықтарды ара-тұра жариялап отырады. Бір кездері қолдарына тиген орасан қаражат әлі күнге олардың байлығын еселеп келеді.
Динара мен Тимур Құлыбаевтар жеке өмірлері жайлы ашық әңгімеден бойын аулақ ұстайды. Ал олардың қызы Дениза Асқар керісінше, көлеңкеде қалуды қаламайды. Қазір ол 1966 жылы құрылған, Италиядағы беделді Еуропалық дизайн институтында оқуын аяқтағалы жүр.
Instagram парақшасында Пхи-Пхи аралдарының жағажайлары, Миландағы кештер, Ибица клубтары мен Парижден түсірілген селфилер бар. Дениза Асқар көбіне жалаңаяқ құм үстінде немесе Мадейра жартасында суретке түскенді ұнатады. Оның аккаунтында шамамен алты мыңға жуық жазылушы бар. Аудиторияның белсенділігі — 9–15 % деуге болады. Бұл мұндай жеке блогтар үшін орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Қазақстанда түсірілген суреттерін «Туған жер» деп ықыласпен салған. Ал кейбір фотолар атасы билік басында отырғанда қазақ қоғамында болған «ұят» ұғымына қайшы келеді.
Құлыбаевтардың үлкен ұлы Алтайдың әлеуметтік желідегі парақшасы бос. БАҚ дерегінше, ол екі жыл бұрын бұрынғы мәжіліс депутаты әрі «Қазақмыс» компаниясының топ-менеджерінің қызы Үмітжан Жараспаеваға үйленген. Әкесінің компаниялар тізімінен тыс жерде Алтайдың есімі сирек аталады. 15 жастағы Алиша жайлы да ақпарат жоқ, ал Нәби есімі тек Уикипедиядағы деректің бір жолында ғана жазылған. Оның бар-жоғын да, отбасы активтерінің заңды жолмен жиналғанын да ашық деректерден білу әзірге мүмкін емес.
Сарқылмас байлық
Назарбаевтың ұрпақтарының ішінде ең көп көзге түсетіні — Нұрәлі Әлиев. Оның Instagram-парақшасы Қазақстандағы ең танымал парақшалардың бірі. Шамамен үш миллион оқырманы бар. Бірақ аудитория белсенділігі — бар болғаны 0,1 %, ал жазылушылардың үштен бірі мүлде белсенді емес. Әлиевтің аудиториясының 55 %-ы — Ресейден, 29 %-ы — өзге елдерден, 16 %-ы — Украинадан. Бұл көрсеткіштер оның парақшасы диалог алаңынан гөрі имидж үшін ашылғанын аңғартады. Жеке өмірге қатысты жазбаларын ол жабық аккаунтында жариялаған болуы мүмкін.

Жуырда ол Канндағы бал жайлы жазған отандық және шетелдік ақпарат құралдарын сынады. Олар оның ұлы Аланды экс-президенттің Әсел Құрманбаевамен азаматтық некеден туған ұлы Тауман Назарбаевпен шатастырып алған екен.

Шынын айту керек, бүгінде Тауманның түрін танитындар аз. Ашық дереккөздерде тек Астанадағы бір резиденцияның иесі ретінде тіркелгені жайлы мәлімет бар. Кейбір басылымдар оның бұрынғы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Анадель Сәтқалиевамен неке қиды деген ақпарат таратқан, кейін бұл мәліметті министрлік жоққа шығарды.
Дегенмен, Алан мен Тауман бет көріспей кеткен туыстар емес. Екеуі де Instagram-да бір-біріне жазылған. Таңғалатын түк жоқ, президенттің бейресми некеден туған балалары да етене жақы болған. Әрі отбасын жақсы білетін дереккөздер туыстардың көбіне бірге өскенін айтады.
Нұрәлидің Аланнан бөлек Лора, Әмира есімді қыздары және Әнуар атты ұлы бар. Ал Әлия Назарбаеваның балалары — Тиара, Алсара, Алдияр және Айлана көпшілік көзінен тасада жүр. Сондай-ақ тұңғыш президенттің екінші бейресми жары аталған Гүлнар Рақышеваның да екі қызы бар екені айтылады. Бірақ олардың қайда екені белгісіз. Біз, әрине, бүлдіршіндердің суретін жарияламаймыз. Қыздарының басқа туыстарынан айырмашылығы сол, олар әзірге «қызыл кілемге» шыққан жоқ. Дегенмен олар қазірдің өзінде Канн жағалауында қыдырып, Еуропадағы оқу визаларымен жүруі бек мүмкін.
Жұлдызды жол
Енді қайтадан Нұрәлі Әлиевтің парақшасына оралайық. Кіріп қалсаң, нағыз мұқият қойылған образдар галереясын аралағандай әсер аласың. Бір суреттінде ол миллиардерлердің ортасында тұрады. Bitcoin Foundation атқарушы директоры Брук Пирспен жобалар жөнінде әңгімелесіп тұр. Басқа бір кадрларда — отбасы, әйелі мен қызымен бірге қымбат интерьерлер мен сәнді пейзаждар аясында тұр. Іскер таныстар мен рухани ізденістерге қызығушылығы оның көпшілік алдында көрсеткен образы әрі оның кей дүниелерді көрсету үшін жариялағысы келетіндігінен хабар беретіндей.
Дегенмен осы сән-салтанатқа толы, шалқыған Іnstagram-дағы «өмірде» көптің көзіне түсе қоймаған бір қызық дүние бар. Нұрәлі Әлиев өзінің парақшасының статусында өзін Arcturian starseed — «арктуриан жұлдызының тұқымы» деп жазып қойған.
Арктуриандықтар — Арктур жүйесінен шыққан қиялдағы өзге ғаламдық нәсіл. Эзотерикалық және уфологиялық әдебиеттерде оларды дамыған өркениет ретінде суреттейді. Ал «жұлдыз тұқымы» деп аталатындар — осы ілім бойынша, арктуриандықтардың көне даналығын мұра еткен адамдар.
Starseed тұжырымдамасының өзегінде жаңа белестерге ұмтылу мен жоғары технологияларға бет бұру идеясы жатыр. Бұл өзін ғаламдық өзгерістердің алдыңғы шебінде көрсетуге талпынған мұрагер бейнесімен үндеседі. Мұның бәрі тек имидждің бір бөлігі болуы да мүмкін, не болмаса блокчейн сияқты ерекше қаржылық мүмкіндіктер ашатын технологияларға деген шынайы қызығушылықтың белгісі шығар.
Криптовалюта құралдары активтерді дәстүрлі банк бақылауынсыз-ақ аударуға және сақтауға мүмкіндік береді. Бұл саладағы қаржы қылмыстарын тергеуді біраз факторлар қиындатады. Блокчейн транзакциялары лақап аттар арқылы жасырын жүргізіледі. Аударым тізбегі ондаған аралық әмияндар мен араластырғыш сервистер арқылы өтуі мүмкін. Мұның бәрі түпкілікті бенефициарларды табуды аса күрделі, кейде мүлде мүмкін емес шаруаға айналдырады. Бұл тура Нұрәлі Әлиев өзіне таңдаған «жұлдызды жолы» секілді «көкжиекке» қарай қажетті ақпарат алыстата береді.
Бәлкім, бұл өзін ғарыштық элитаның мүшесі ретінде көрсету ниеті емес, қайта, шексіз байлығынан туындайтын ішкі толғаныстарды ұмытқысы келіп, тыныштық іздегені болар.
Автор: Кәмилә Ермаханова
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды