Есілдегі жасыл желекке оранған «Құлыбаев аралы» полиция бақылауында
Фото: Orda.kz
Әдемі жағалау, жасыл желек, кейде балықшылар бұзатын тыныштық болмаса, сыртқы әлемнен оқшауланған арал. Мұнда келген адам Нұр-Сұлтанда екенін ұмытып кетуі әбден мүмкін. Бұл да жағалаудың бір бөлігі болғанымен, ол қоршаулардың, көпірлердің, эстакадалардың артына арнайы жасырылғандай көрінеді. Ол жерге жалғыз кіруге тыйым салынған, ал периметр бойынша патрульдік полиция көліктері кезекшілік етуде. Orda.kz редакциясы ел аузындағы «Құлыбаев аралы» атанған жер туралы толығырақ білуді жөн көрді.

Бір қарағанда, бұл қауіпсіз және қорғалатын мемлекеттік нысан, Мәскеу маңындағы Микоян саяжайы сияқты. Google картада бұл жер «Т.Құлыбаев атындағы арал» деп аталады.

Жергілікті тұрғындар аралға қатысты бірнеше пікір қалдырып үлгерген.
Спутниктен түсірілген суреттерге сүйенсек, адам бауырына ұқсайтын аралда тікұшақ айлағы, бірнеше зәулім үйлер, жеке тоған және сарай бар. Аспаннан жерге түссек, Тельман ауылының кіреберісі біржола жабылған, көше қиылысында «өтуге болмайды» деген белгі қойылғанын көруге болады.

Екіншіден, жақын жерде полиция көлігі кезекшілікте тұр. Аралдан шығатын жол да бар, бірақ арғы жағында көпір тұйық жолмен және өтуге тыйым салатын жол белгілерімен аяқталады. Одан алыс емес жерде жаяу жүргіншілер көпірі бар, бірақ ол да жабық.


Аталған аумақтың айналасында полиция кабиналары мен бейнебақылау камералары бар. Дегенмен, аумаққа жаяу кіру қиын емес, бірақ жағалауды биік қоршаулармен қоршап тұрған жеке сарайлардан қақпаны айналып өтуге тура келеді.


Іздестіру алпауытының ашық кеңесіне қарамастан, біз ресми құжаттарды зерттеуді шештік.
Ресми түрде арал «Жасыл» деп аталады. Бір кездері «Гидростроитель» саяжай қауымы болған. 2007 жылы бұл жер телімдері «мемлекет мұқтажы үшін» саяжай тұрғындарынан тәркілене бастады. Одан кейін көптеген тұрғындар әкімдік ұсынған қаржыға наразы болды. Төлемдердің төмендігі учаскелердегі үйлердің тұрғын емес, саяжай болуымен байланыстырылды.

Бұл туралы 2007 жылдың жазында Азаттық радиосының сайты жазды. Саяжай иелерінің айтуынша, «Жасыл аралдағы» коттедждер Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаеваға, сол кездегі бас прокурор Рашид Түсіпбеков пен сол жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Өмірзақ Шөкеевке арналып салынған. Алайда материал авторы бұл ақпаратты тәуелсіз көздерден тексеру мүмкін болмағанын түсіндіреді.
Кадастрлық үзінділерге қарағанда, аралдың барлығы дерлік жеке меншік болып табылады, сондықтан ашық ақпарат аз. Жеке аумақтың ауданы шамамен 140 мың шаршы метрді құрайды. Жер учаскелерінің нысаналы мақсаты тұрғын үйді пайдалану. Аралдың 2,3 және 7,4 мың шаршы метрлік жеке бөліктері көгалдандырылған.
Ресми құжаттарда бұл аумаққа тек меншік иелері мен уәкілетті органдардың еркін кіруіне рұқсат етілгені көрсетілген.

Аралдың ар жағында тағы екі қоршалмаған жер телімі бар. Біріншісі 7,6 мың шаршы метр, жеке тұлғаға тиесілі. Бірақ бұл жердің мақсаты басқа – демалыс аймағын салу және пайдалану.
Ал 2,3 мың шаршы метрлік екінші жер телімі «ҚР Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.
Ішкі істер министрлігі неге біреудің жеке меншігін күзетеді деген сауалымызға басқарма бастығы Марат Ахметжанов ресми сауал жолдауды сұрап, жауап бермеді. Біз ресми сауал жолдадық. Қазақстан заңнамасы бойынша құқық қорғау органдары бірінші президент пен оның отбасы мүшелерін қорғауға міндеттеледі.

Республикалық референдум аяқталғанға дейін бірінші президент тұрақты не уақытша тұратын жерінде өмір бойына мемлекеттік қорғауға алынады.
Мемлекеттiк қорғау өкiлеттiгiн жүзеге асыруды тоқтатқан ҚР Тұңғыш Президентiнiң және оның айналасындағы адамдармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн де қамтамасыз етедi.
Orda.kz тілшісі елорда әкімдігіне жоғарыдағы жер телімдерінің кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында сауал жолдады. Алайда, қала әкімдігі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 18-бап 1-тармағында көрсетілген мерзімде жауап бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық