Назарбаев күш қолданылуы мүмкін, қайтыңдар деді – Талғат Рысқұлбеков
Коллаж: .Orda.kz
Қайрат Рысқұлбековтың інісі, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков «Желтоқсан» оқиғасына қатысты пікір білдірді.
– Қайрат өте әділ болатын. Отбасымызда сондай тәрбие берілді. Әкеміз басыңды кесіп алса да, өтірік айтпа дейтін. Ал анамыз «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғысқа түсіп қалмаңдар деп отыратын. Ұяда осындай нәрсе көрген біз қандай болып өсуіміз керек еді?! Қайрат та өлім жазасына кесілер кезде шынын айтып кетті, - деп еске алды Талғат Рысқұлбеков stan.kz-ке берген сұхбатында.
Рысқұлбековтың айтуынша, көпшілік болып алаңға келгенде оларды әскерилер қоршап тұрған. Сол сәтте олардың қасына Нұрсұлтан Назарбаев келген. Елбасы жиналғандарға күш қолданылуы мүмкін екенін, бұл жерден қайту керектігін айтқан.
– Қайрат әскерден келген соң оқуға түсті. 1986 жылы ол Алматыдағы сәулет-құрылыс институтына, мен политехникалық институтқа түстім. 1986 жылы Дінмұхамед Қонаевты Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшы қызметінен алып, орнына Геннадий Колбин басшы болып келді. Алаңға барып, «Менің елім» деп ұрандатып тұрдық. Адам көп, әскерилер трибунаны қоршап тұрды. Бірінші қатарға Жоғарғы милиция училищесінің 3-курс студенттерін қойды. Трибунаға шығып сөз сөйлеп жатты. Меңдібаев дегендер шықты, бірақ оларды қармен атып қуып жібердік. Солардың арасында тек Нұрсұлтан Назарбаев қасымызға келді. Бізге күш қолданылуы мүмкін, сендерді аяп тұрмын, қайтыңдар деп айтты.
– Біраз уақыттан соң үкімет үйінен адамдар келіп, талаптарың болса, Колбинге айтыңдар деді. Сөйтіп ақылдасып, төрт адам шықты. Әлі есімде, сол төрт студенттің арасында Ахметова деген қыз болды. Заң мен Лениннің ұлттар жөніндегі тезисін негізге ала отырып, әр елді, әр облысты сол жердің тумасы басқару керектігін айтып берді. Айтқанының бәрі шын. Сол кезде олардың қолдарын қайырып, трибунадан алып кетті. Қазір сол Ахметова деген қыздың қайда екенін білмеймін. Студенттер мен әскерилер арасындағы қақтығыс осыдан кейін басталды. Мұны ешкім айтпайды, - деді ол.
Талғат ағасының Савицкийді өлтірді деген айыбы жалған екенін, оның өз-өзіне қол салғаны да теріс ақпарат екенін айтты.
– 1987-де Қайраттың соты болып, Савицкийді өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесті. Бұл қазақтың рухын сындыру үшін жасалған болатын. Бірақ кейін өлім жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Себебі Горбачевқа 17 елдің басшысы хат жазып, 21 жастағы жігітке бұл жазаның тым ауыр екенін айтқан. Ол ешқандай рецидивист емес, кісі өлтірмеген, бұрын сотты болмаған. Осының арасында Мұхтар Шаханов та бар. Қазір Ресейге санкция қойған секілді сол кезде ел басшылары өздерінің араша түсетінін мәлімдеген.
– Жаза 20 жылға ауыстырылды. Ол уақытта әр елдегі қылмыскерлерді жинап, вагонмен Ресейге алып баратын. Қайратты осындай эшалонмен Сверловск қаласына алып кетті деп айтқан. Бірақ Семей қаласынан жалғыз өзін түсіріп алып қалыпты. Мақсаттары – Қайратты елден шығармай өлтіру. Бұл үшін камерасына Власенко дегенді апарып қойған. Өз-өзін өлтірді дегені – өтірік. Кейін Қайратпен бір камерада болған жігіт хат жазыпты. Шындықты айтамын, барлығын білемін, тек мені қорғасаңдар болды депті. Хатты алып Мұхтар Шахановқа бардым, орысты ауылға алып кетемін деп едім, ол да келісе кетті. Жолға шыққалы жатқан едік, бірақ сол жігітті түрмеден босай сала пышақтап кеткен екен, - деді Талғат Рысқұлбеков.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық