Нұрмақов көшесіндегі тұрғын үй құрылысы дауға айналды

cover

Алматының Нұрмақов көшесіндегі элиталық тұрғын үй құрылысы  бір жылдан астам уақыттан бері  құрылысшылар мен тұрғындар арасындағы бітпес даулы мәселеге айналды. Даудың қызғандығы соншалық ол жекпе жек алаңына айналғандай.

Orda.kz  құрылысты жүргізіп жатқан «Алатау-Инвест» компаниясының неліктен  тұрғындардың қарсылығына қарамастан бір кездері жасыл желек жамылған ауладағы жерлерді бірінен соң бірін тартып алып,үй тұрғызып үлгеру аздай, енді балалар ойнайтын алаңың орнынан тағы бір үйдің қазандық шұңқырын қазып қойғанын зерттеп көрді. 

Қаладағы мұндай құрылыстарды бір кездері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та қолдамайтын болса, қазіргі мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та Алматығы жасыл желекті қала мәртебесін қайтару жөнінде аз айтқан жоқ. Бірақ «Алатау Инвест» бұл мемлекет басшыларының пікірін басшылыққа алуға асықпай, өз дегендерінен қайтпай құрылысты қарқынмен жүргізуде.

Қазір сейсмикалық қауіпті деп саналған Алматының әр бұрышында көпқабатты үйлер бой көтеріп, ондағы аулаларды тұрғындар қашып құтыла алмайтын қауіпті аумаққа айналдырып жатыр.

Нұрмақов көшесіндегі бесқабатты  үйдің ауласы бірнеше инвесторға ұнап қалса керек,сол бір шағын ғана аумақта олар құрылысты қарқынмен бастап кетті.

Жұмыстың қарқындылығы соншалықты,бұған жылдар бойы құрылысы тежеліп тұрған мектептер мен балабақшалар құрылысы  ілесе алмай қалды. Құрылыс күндіз-түні тоқтамай жүруде. Аулада тез бой көтерген екі нысан бар.Бірі қолданысқа беріліп те  қойды...

Ал құрылысы әлі басталмаған үшінші нысанның шаршы метрлері жылжымайтын мүлік  сайты арқылы сатылып жатыр.

 «Sirius» тұрғын үй кешені

Бұл үйдің құрылысы 16 жыл жүрді. 12 қабат тұрғын үй пайдалануға жақында ғана тапсырылды. Бастапқыда 9 қабат деп хабарланған құрылыс қыза келе  12 қабат болып бір-ақ шықты.Осыған қарап тағы бір құрылыс компаниясының  жоспарлары қызып кеткендей...

 «Алатау-Инвест»ЖШС

Болашақ қонақ үй құрылысының паспорты

Құрылыс паспортында  5 қабатты үйдің ауласында жерасты паркингі бар кешен салынады делінген.Паркинг балалар алаңының орнына салынбақ. Бірақ тұрғындар құрылысшылар мұнда тағы бір үй салмақшы деп қауіптеніп отыр. Ескі үй мен екі ортаның арасы  небәрі  10 метр жер  ғана.

Бұған наразы болған тұрғындардың  шуынан кейін құрылысшылар балалар ойнайтын турникеттерді басқа жерге апарып қондырды.

Ал балалар сырғанайтын жасанды төбешіктер мен  тербеліп  ойнайтын әткеншектер бұл жерде өте қауіпті болып қалды.

Өйткені тура балалар ойнап жатқан жерде  олардың төбелерінен ары-бері зуылдап, құрылыс жүгін тасыған мұнаралы  краны жұмыс істеуде. Ал қоршаудың арғы жағында кран аздай  тереңдігі  ондаған метрден тұратын қазандық шұңқыры бар. Сол шұңқырды қазған кезде  үйіміз теңселіп-тербеліп тұрды дейді тұрғындар.

Бір кездері осы балалар алаңының орнына  балабақша салыну көзделген екен. Алайда, кеңестік жүйенің  архитекторлары оған рұқсат бермеген болатын. Басты себеп – бұл жермен жер қыртысының тектоникалық сызығы өтеді екен. Осыдан кейін мамандар бұл алаңға ешнәрсе салынбау керек деп шешкен.Бұл жерді ашық алаң ретінде қалдырып, футбол ойнауға ыңғайлағаны – төтенше жағдай бола қалса тұрғындар сол жерге жиналу мүмкіндігі болсын деп ұйғарған.

Тұрғындар отырғызған ағаштар әп сәтте-ақ кесіліп кеткен.

Анастасия Гафурова жасыл желекті қорғамақшы болған әрекеттері туралы былай дейді.

— Біз өзіміз тұрып жатқан үйдің ауласын күні-түні күзеттік десек те болады.Құрылысшылар электр араларын іске қосқан кезде біз бәріміз аулаға жүгіріп шықтық. Бірақ олар көп ағаштарды кесіп тастап үлгерген. Оларға бұл жерге құрылыс жүргізуге кім рұқсат берген және  қалай рұқсат берген?

Үй ауласы қалайша жекеменшік нысанына айналған?

«Алатау-Инвест» компаниясы өзін осы ауланың толыққанды қожайынымын деп санайды. Бұл ауланың жерін ол 2005 жылы сатып алғанын құрылыстың прорабы мақұлдап отыр.

2013 жылы сол жылдардағы Алматы қаласы әкімінің қаулысына сәйкес бастапқы мақсаттан ауытқып, көпқабатты  тұрғын үй кешенін жерасты паркингімен және уақытша тұратын үй құрылысын салу бекітілген.Қаланы жоспарлау басқармасы да  құрылыстың мұндай  «әскери» жоспарынан хабардар.Кереметтей оқыс жағдайды ешкім көріп тұрған жоқ – бәрі келісілген, бәрі бекітілген!

Архитектуралық бақылау басқармасының  бастығы  Бақытжан Наурызбаев тұрғындармен кездесуінде «құрылысшылар тарапынан ешқандай заңсыз әрекеттер жоқ» деп сендірді. Қала басшылығына тұрғындар наразылығы белгілі және бұл мәселе қатаң бақылауда деген сырғытпа сөздермен шектелді.

—Біз тұрғындардың наразылығына мән береміз.Қала басшысымен мұнда келіп, жағдайды өз көзімізбен көргенбіз.Құрылысшылармен де сөйлестік. Архитектуралық нормалар туралы мәселе біздің құзырымызда емес. Ал құрылыс сапасы туралы  кемшілік жоқ.Техникалық бақылауды жүргізетін ұйым бізге ай сайын есеп беріп тұрады. Бәрі біздің бақылауымызда.Бірақ тектоникалық сызық туралы мәселе қаралған жоқ. Құрылыс жүргізіп отырған компанияға тиісті рұқсат берілген – демек, бәрі дұрыс. Басталған құрылыс аяқталуы тиіс.Ал осы бетте қалдырсақ – ол құрылыстың технологиялық бағытын бұзу болып саналады.

Ал құрылыс нормаларында ақау болмаса — құрылыс жалғасады

Дегенмен, хаттар, шағымдар, түрлі кездесулер мен уәделер осы құрылыс нысанында аз болған жоқ.Мысалы, Алмалы ауданының бұрынғы әкімі Бекқали Торғаев құрылыс жүргізуші компания тұрғындармен келісімге келгенше құрылыс тоқтатылады деп  уәде берген болатын. Бірақ... құрылыс тоқтаған жоқ.

Сол екі арада құрылыс компаниясы  ашықтан ашық «бұл жерге парковка емес, тағы бір тұрғын үй салынады» деп мәлімдеді.

«Freedom apart»тұрғын үй кешені

Бір жылға созылған жиналыстар мен әкімдік арасындағы талқылаулардан кейін бұл тұрғын үй кешенін салу жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Алайда  салынбаған үйдің пәтерлері сатыла бастады.

Балалар ойнайтын аулаға салынып жатқан үш бірдей тұрғын үйлер кейін  қиындықтар туғызуы мүмкін, әсіресе төтенше жағдайлар бола қалған кезде.

— Тіпті, өрт сөндіретін машиналар өтетін жол да жоқ.Оның орнында екі көпқабатты үй тұр. Жер сілкінісі бола қалған жағдайда,  бұл үйлер қираған жағдайда біз, 200 пәтерде тұрып жатқан тұрғындар қоршауда қаламыз,шығатын тесік те қалмайды. Бұл неге алдын ала ойластырылмаған? Кім рұқсат берген бұл құрылысқа? – дейді сұрақтарына жауап таппай наразы болған тұрғындар.

— Бізбен қаланың бас архитекторы, әкімнің орынбасары, Алмалы ауданы УЗО өкілдері кездесті. Бірақ сұрақтарымызға ешқайсысы жауап бере алмады. Тіпті біз қойған сұрақтардан хабарсыз болып шықты. Ал ауламызды өзімізге қайтару жөніндегі  талабымызға қала әкімдігі құлақ асатын түрі жоқ. Олар үй жанындағы ауланы тұрғындарға қайтару туралы талабымызды естігісі де келмейді. Соған қарағанда әкімдік  тұрғындар құқығын қорғай алмайтын жағдайда. Керісінше, олар құрылысшылардың сөзін сөйлеп жатыр.


 «Freedom apart» жөнінде берген жауаптары — аталған жер учаскесін олардан қайта сатып алу жөнінде келісімсөздер жүргізілуде.

Тұрғындар өздеріне тиесілі жер телімдерін ешкімге бермеуге бекінген.

— Мәселенің бастысы — Заңда нақтылық жоқ. Оны әркім өз ыңғайына қарай пайдаланып жатыр.Бұл жер біздің мекеніміз болғандықтан төтенше жағдай бола қалған күнде – бұл жер біздің моламызға айналары анық. Өрт жағдайында  өрт машинасы келе алмайды, жер сілкінсе қашып шығып жиналатын жер жоқ...

2015 жылы шыққан қаулыға сәйкес өрт сөндіруші мамандар жаңа құрылыс нысандары жобасын талқылауға  қатыспайтын болды. Бұрынғы  ережелерде  олардың қатысуы міндетті еді. Осы себептен болар мына жаңа құрылыстың аумағында өрт сөндіру техникасына да жол қарастырылмаған.

Orda.kz осы мәселенің ары қарай өрбуін өз назарында ұстайды.

Авторы: Сауле Саденова
Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар