Мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбайға үкім шығарылды

cover

26 желтоқсанда Атырау облыстық соты Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-директоры Шухрат Данбай мен мемлекеттік сатып алу басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Сейдуалиевке қатысты үкім жариялады.

Сот Данбайды төрт жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сейдуалиев үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Естеріңізге сала кетейік, Данбай мен Сейдуалиевке қызметтік өкілеттіктерді пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы  қызмет бабын асыра пайдаланды (ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) деп айыпталған болатын. Бұған дейін прокурор Данбайды жеті жылға бас бостандығын шектеуді, ал Сейдуалиевті алты жарым жылға соттауды сұраған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар