Мемлекеттік сайттар мен кейбір БАҚ-тарға шабуыл жасалды – Бағдат Мусин интернет туралы

cover

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернетке қатысты мәселелерді түсіндірді. Оның айтуынша, барлығына мемлекеттік сайттарға шабуыл жасаған хакерлер кінәлі.

Қазіргі уақытта соңғы шабуыл 29 қыркүйекте тіркелген.

- Оның не үшін және қайдан келгенін тексеру, сондай-ақ инфрақұрылымдық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында белгілі жұмыстар жүргізілуде. Бұл әрекетті орындау кезінде кейбір мәселелер туындауы мүмкін. Бірақ мемлекеттік техникалық қызметтің басты міндеті – Қазақстанның барлық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету. Бұл мемлекеттік инфрақұрылымды ғана емес, бүкіл инфрақұрылымды қорғау үшін жасалады. Тіпті кейбір БАҚ сайттарына шабуылдар болды, бұл туралы бәрі біледі, - деді Мусин.

Ол Қазақстанға ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру керектігін атап өтті. Зерттеу жұмыстары осы деңгейді көтеруге бағытталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар