Мемлекеттік кино бәсекесіне 503 өтінім келді, оның 45-і Қазақфильмнен

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық деп танылуға үмітті киножобалардың кезекті іріктеу конкурсына өтінімдер қабылдауды аяқтады. Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.
Конкурсқа қанша компания қатысқаны және қабылданған жұмыстар қалай қаралғаны туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Өндіріс бөлімінің сарапшысы Бижан Әбішев жауап берді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының конкурсына өтінімдер 2021 жылдың 1 наурызына дейін қабылданды. 450 компаниядан 503 өтінім келіп түсті. Атап айтсақ:
- Көркем фильмге – 231;
- Деректі фильмге – 86;
- Қысқа метражды фильмге – 73;
- Бірлесіп шығарылатын фильмге – 58;
- Анимацияға – 35;
- Дебютке – 31;
- Авторлық/артхаустық киноға – 25 өтінім келіп түсті.
Сарапшы «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ биыл 45 өтінім тапсырғанын атап өтті.
Питчингтерге келетін өтінімдер саны жыл сайын өсіп келеді:
Жобаны қысқаша таныстыруға (питчинг) 2019 жылы – 109, 2020 жылы – 226, 2021 жылы – 501 өтінім түсті. Мұндай белсенділікке ақпаратпен қамтамасыз ету себеп болды. Бұрындары кино саласындағы мамандар қалай мемлекеттен қаржылай көмек алуға болатынынан хабарсыз болған.

Сондай-ақ, биыл конкурс талаптары жеңілдетілген.
І кезеңде:
- Сценарий
- Автордың түйіндемесі
- Өндіріске кететін соманы қамтитын алдын-ала құжаттар пакеті сұралды.
ІІ кезеңде:
- Презентация
- Смета (түсірілімге кететін қаржы есебі – ескерту Orda)
- ҚКЖ және т.б. құжаттар пакетін өткізу керек болды.
Өтінімдердің көп бөлігі portal.kazakhcinema.kz арқылы қабылданды.

Шешім қабылдау кезінде Сараптамалық кеңес сценариймен қатар, жобаның жалпы дамуы, оның прокаттық, фестивальдік әлеуетін ескереді.
Қазір Сараптама кеңесі тұрақты бекітілмеді. Ол туралы ақпарат жоғарыда аталған порталда жарияланады.
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты