Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты

cover Фото: Reuters

Филиппинде мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы оқ атып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаза болғандардың бірі — шабуыл жасаған оқушының өзі.

Оқиға кезінде жасөспірім мектепке тапанша алып кіріп, мұғалімге оқ атпақ болған. Кейін көрші сыныпқа барып, 10-сынып оқушысына оқ атқан. Оқиғаны ол әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.

Бұл Филиппинде соңғы екі ай ішінде мектепте болған екінші атыс. Бұған дейінгі оқиға кезінде үш оқушы қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланған.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар