«Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
Фото: Pexels
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде оқушыларға арналған үш жаңа міндетті сабақ енгізіледі. Енді оқушылар «Конституция негіздері», «Заң және тәртіп», «Жеке қауіпсіздік» пәндерін оқиды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Осы оқу жылынан бастап 5–7 сынып оқушыларына «Конституция негіздері», 8–11 сыныптарға «Заң және тәртіп», ал 5–11 сыныптарға «Жеке қауіпсіздік» курстары енгізіледі.
Сонымен қатар, бұрын таңдау бойынша оқытылған «Құқық негіздері» пәні барлық оқушы үшін міндетті болады. Оның мазмұны жаңа Конституция нормаларына сәйкес жаңартылады.
Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алып жатыр. Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мектептерінің бастауыш сыныптарында жаңа оқу жылынан бастап бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.
Оның орнына оқушылардың білімін күнделікті қалыптастырушы бағалауға басымдық беріледі. Мұғалімдер аралық бақылаудың түрін өздері таңдай алады. Оның ішінде диктант, мазмұндама, шығарма, жоба, ауызша және практикалық жұмыстар қарастырылған.
Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарап, формативтік бағалау үлесін арттырып, аралық бағалау енгізеді. Ал тоқсан соңындағы жеке жиынтық бағалау жұмысы енді болмайды.
Оқи отырыңыз:
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық