Үміт атты жолбарыс Оңтүстік Балқаш табиғатына қалай бейімделіп жатыр?
Фото: gov.kz
Тамыз айының басында Үміт атты ұрғашы Амур жолбарысы «Іле-Балқаш» резерваты аумағындағы табиғи ортаға жіберілген болатын. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жыртқыштың қазіргі жағдайы мен жаңа ортаға бейімделу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір Үміт тоғайлы аумақтарды, су маңындағы жерлерді және жабайы жануарлардың табиғи мекен ету ортасын зерттеп жүр. Ол жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп келеді.
Мамандар жолбарыстың бейімделу үдерісін оның қозғалысы, белсенділігі мен мінез-құлқы туралы мәліметтер арқылы бақылап отыр.
Үміттің қозғалысын қашықтан бақылауға GPS-мониторинг жүйесі мүмкіндік береді. Мамандар оның ізін және табиғаттағы басқа да белгілерді зерттеп, жолбарыстың қоршаған ортамен қалай әрекеттесетінін бақылайды.
Ал фототұзақтар жыртқыштың табиғи ортадағы тіршілігі мен мінез-құлқы туралы қосымша ақпарат жинауға көмектеседі.
Тамыз айының басында әлеуметтік желілерде жолбарыстың Балқаш маңында жүргені туралы фотолар тараған болатын. Алайда Экология министрлігі кейін бұл суреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы мамырда Қазақстанға Ресейден төрт Амур жолбарысы жеткізілді. Олардың екеуі – ересек жолбарыс, екеуі – бөлтірік. Қазіргі уақытта еркек жолбарыс мамандардың бақылауында. Ал екі бөлтірік кемінде бір жарым жасқа толғанға дейін арнайы қоршауда болады.
Жолбарыстарды Қазақстанға қайта жерсіндіру бағдарламасының түпкі мақсаты – Іле өзенінің атырауы мен Оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыстардың тұрақты популяциясын қалпына келтіру.
Үміттің табиғи ортаға жіберілуі Қазақстанда Амур жолбарысын табиғатқа қайта оралту бағдарламасындағы маңызды кезеңдердің бірі. Мамандар оның әрбір қадамын бақылап, жаңа мекенге қаншалықты сәтті бейімделіп жатқанын зерттеуді жалғастырады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық