Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
Фото: Orda.kz
Алматыда ескі көліктерді халықтан сатып алу тетігін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Алматыда қаланың автопаркін жаңартумен айналысатын арнайы компания құру жоспарланып отырғаны белгілі болған еді.
Әкімдік мәліметінше, жоба аясында экологиялық талаптарға сай автокөліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру, лизингтік бағдарламалар мен ескі көлікті жаңасына айырбастау тетігін енгізу қарастырылуда. Бағдарламаға «Astana Motors», «Orbis» және басқа да отандық автокөлік өндірушілері мен компанияларды тарту жоспарланған.
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, ескі көліктерді сатып алу тетігі 2026–2027 жылдарға арналған атмосфералық ауа сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген.
Қаладағы атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 2026–2028 жылдарға арналған автокөліктерді кәдеге жарату жөніндегі өңірлік бағдарлама жобасын әзірлеген. Қазіргі уақытта құжат пысықталып жатыр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өкілдерінің айтуынша, жаңа тетікті енгізу Алматыдағы ауаның ластануына автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың елеулі әсер ететініне байланысты.
Жоспар бойынша экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін ескі автокөліктерді сатып алып, кейін оларды кәдеге жарату механизмі енгізіледі.
Бұл шаралар автопаркті жаңартуға ынталандырып, жолдардағы ескі көліктердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде атмосфераға тарайтын зиянды заттардың көлемін төмендету көзделіп отыр.
Көлікті мемлекет тікелей сатып алмайды, бағдарлама автокөліктерді халықтан тікелей сатып алуды қарастырмайды. Оның орнына бағдарламаны жүзеге асыруға автодилерлер мен отандық автокөлік өндірушілері тартылады. Қазір автодилерлер мен автокөлік өндірушілеріне жеңілдетілген қаржыландыру тетігін енгізу қарастырылып жатыр.
Оған сәйкес, экологиялық санаты төмен көлік иелеріне жаңа көлік сатып алған кезде жеңілдік сертификаттарын беру жоспарлануда. Яғни ескі көлігінен бас тартып, жаңа автокөлік сатып алғысы келетін азаматқа белгілі бір жеңілдік ұсынылуы мүмкін.
Алайда әзірге сертификаттың нақты бағасы, оған кімдер ие болатыны, қандай көліктер бағдарламаға енгізілетіні және жаңа көлікті сатып алу шарттары жарияланған жоқ. Бағдарлама қазір әзірлену және пысықтау кезеңінде. Оның нақты шарттары, іске асыру тәртібі мен көліктерді бағалау жүйесі кейін белгілі болады.
Жаңа бастаманың негізгі мақсаты Алматыдағы ескі көліктер санын азайтып, автопаркті жаңарту және көлік шығарындыларынан болатын ауа ластануын төмендету.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық