Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
Фото: Бейнежазбадан кадр
Әнші Шакира Колумбияның Чоко департаментіндегі Кибдо қаласына күтпеген жерден барып, жер сілкінісінен зардап шеккен білім беру мекемелерін аралап, жергілікті оқушылармен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Колумбиялық әнші өз еліндегі жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен өңірлердің бірінде кемінде он жаңа мектеп салуға көмектесетінін мәлімдеді. Сондай-ақ Чоко технологиялық университетін қалпына келтіруге жәрдемдесуге уәде берді.
Жобаны оның Pies Descalzos қоры америкалық филантроп Говард Баффетпен бірлесіп жүзеге асырады. Білім беру инфрақұрылымын қалпына келтіруге ірі қайырымдылық қаражаты да бөлінбек. Олардың қатарында Global Citizen және Live Nation ұйымдарының 1 млн доллар көлеміндегі қайырымдылығы бар.
Колумбияны жойқын жер сілкінісінен кейін қалпына келтіруге 9,5 млрд доллар қажет болады. Бұл туралы ел президенті Абелардо де ла Эсприэлья мәлімдеді.
«Жекелеген кей компанияның бағалауынша, тікелей материалдық шығын шамамен 30 трлн песоға (9,5 млрд доллар) жетеді. Оның 24,5 трлн песосы (7,8 млрд доллар) ғимараттарды қалпына келтіруге, ал 5,5 трлн песо (1,7 млрд доллар) инфрақұрылымды қалпына келтіруге қажет» деп оның сөзін Caracol келтірді.
Президенттің айтуынша, қазір жер сілкінісінен 289 адам қаза тапқан, тағы 4187 адам жарақат алған, 143 адам із-түзсіз жоғалған. Табиғи апат 120 мыңнан астам отбасыға әсер етіп, шамамен 27 мың тұрғын үй қираған, тағы 127,5 мың үй бүлінген.
Жойқын жер сілкінісі магнитудасы 7,4 болып, 10 тамызда Колумбияның батысында болған.
Оқи отырыңыз:
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық