240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
Фото: Әлеуметтік желіден
Ғылым және жоғары білім министрлігі 240 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған «Steppe Rider» бейнеойынын әзірлеуге қатысты тексеру бастады. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі брифингте ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрге ведомство ойынның нәтижесіне көңілі тола ма және дайын өнімнің бастапқы техникалық талаптарға сәйкестігі тексерілді ме деген сұрақ қойылды.
«Осы жағдайға байланысты ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізу туралы сұрау жолдадық. Бұл тексеруді өзіміз бастадық», – деп жауап берді Саясат Нұрбек.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Әрі қарай сот тәртібімен немесе әкімшілік іс жүргізу аясында қандай да бір шешім қабылданатын болар. Бұл тексеру жүргізіп жатқан органдардың құзыретіндегі мәселе. Тиісті сұрауларды өзіміз бастап, жолдадық», – деді ол
Алайда министр ведомствоның ойын әзірлеу нәтижесіне нақты көңілі толған-толмағанын және дайын ойынның техникалық сипаттамада көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келген-келмегенін ашық айтпады.
«Steppe Rider» ойыны туралы айта кетсек, 2025 жылдың наурызында Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілін үйренуге арналған балалар компьютерлік ойынын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу жариялаған.
Жобаға шамамен 242 млн теңге жұмсау жоспарланған. Сол жылдың сәуірінде министрлік «United Kingdom» ЖШС-мен 239,8 млн теңгеге келісімшарт жасасқан. Кейін мердігерге келісімшартта қарастырылған қаражаттың толық көлемі төленген.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, мемлекет кезең-кезеңімен жүретін стратегия немесе рөлдік ойын жанрындағы білім беру ойынын алуды жоспарлаған. Ойында сюжет, диалогтар, түрлі тапсырмалар, бірнеше локация, даму жүйесі және қазақ тілін үйренуге арналған жаттығулар болуы тиіс еді.
Алайда 2025 жылдың желтоқсанында көпшілікке «Steppe Rider» деп аталатын жүгіру жанрындағы ойын ұсынылды. Ойын барысында пайдаланушы үш жолақтың бірінде қозғалып келе жатқан кейіпкерді басқарады. Кейіпкер түрлі кедергілерден өтіп, қазақ тіліндегі сөздерді құрауға қажетті әріптерді жинайды.
Ойын индустриясының мамандары дайын өнімге қатысты бірқатар сұрақ көтерді. Сарапшылардың пікірінше, бастапқы техникалық тапсырмада көрсетілген көптеген элемент ойында жоқ. Атап айтқанда, мамандар толыққанды сюжет, мазмұны терең диалогтар, әртүрлі локациялар және қазақ тілін жүйелі түрде үйрететін тетіктерді таппаған.
Соған қарамастан, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті дайын ойынның техникалық сипаттама талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеген болатын.
Енді ойынның әзірленуіне жұмсалған 239,8 млн теңгенің қаншалықты тиімді игерілгені және дайын өнімнің бастапқы талаптарға сәйкестігіне қатысты мәселені құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Қазақ тілін дамыту мен өркендетуге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі үлес қосып жатыр. Оған Euronews Қазақстандағы қатысуын кеңейтіп, қазақ тілінде хабар таратып, жаңа бірлескен жобаларды қарастырып жатқаны дәлел. Бұл мәселені Тоқаевтың өзі Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесуінде негізгі тақырыпқа айналдырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді
- Үміт атты жолбарыс Оңтүстік Балқаш табиғатына қалай бейімделіп жатыр?
- Биылғы күз жайлы бола ма? Синоптиктер болжамы