Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
Фото: ortcom.kz
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін елдегі 100-ден астам мектепте жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл туралы ол 18 тамызда Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министрдің айтуынша, 1 қыркүйекте елімізде оқушыларға 47 жаңа мектеп есігін ашады. Оның ішінде 20 мектеп «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.
Ол өңір әкімдіктеріне жаңа мектептердің оқу жылын бастауға толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы қажет. Қазірдің өзінде оларды педагогтермен және оқу-материалдық базамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек. 1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет», – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы бірқатар өңірдегі 13 мектепте жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен екенін атап өтті. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да өңірлер бар.
«Осы өңірлердің әкімдеріне жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды жеке бақылауға алуды тапсырамын», – деді премьер.
Бұдан бөлек, ол 1 қыркүйекке дейін физика, химия, биология және робототехника пәндеріне арналған 500 кабинет сатып алуды қамтамасыз ету тапсырды. Үкімет басшысының айтуынша, жыл соңына дейін еліміздің мектептерінде 1400-ден астам арнайы кабинет орнатылуы тиіс.
Бірқатар өңір қаржыландыру мәселесін қысқа мерзімде шешуі қажет. Сондай-ақ Олжас Бектенов қажетті кабинеттерге арналған жабдықтарды жедел сатып алу үшін барлық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептеріндегі 2–4-сынып оқушыларының білімін бағалау жүйесі өзгереді. Бұл туралы оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық