Мамин бастаған үкімет тиімді жұмыс атқарды ма?

Қазақстан жерінде орын алған оқиғалар саны аз емес, оның ішінде әлемдік деңгейде болып жатқан коронавирус ауруы да бар.
Аталған оқиғаларды Orda.kz талдап, үкіметтің тиімділігі туралы сөз қозғамақ.
Мақала соңындағы сауалнамаға өтіп, дауыс беріңіз!!!
2019 жыл 24 маусым. Арыс қаласында жарылыс болды.

Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, бір адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Түркістан облысы әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан ондаған мың адам эвакуацияланды. Үйін тастап қашқандар туыстары мен жақындарының үйін паналады. Олай жасай алмағандар Шымкент қаласы мен жақын аудандарда жиналды. Кейбірі мешітте түнесе, қалғанын Шымкент тұрғындары үйлеріне шақырып, ас пен жатар орын ұсынды.

Арысқа сол кезде сайланғанына 15 күн ғана болған президент Тоқаев барып, ел жағдайын көзбен көрді. Десе де үкіметтің төтенше жағдайға дайын емес екендігі байқалды. Себебі бір уақыт баспанасыз қалған халыққа ішерге ас пен киерге киім мәселесінен тапшылық болды. Сол уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінен азаматтар жиылып Арыс тұрғындарына азық-түлік, киім-кешек секілді қажет болған заттарды жіберіп отырды. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы құрылып, өңірлерден қол ұшын созатын жандар көбейді. Арыстықтарға алғаш боп көмектесіп, гуманитарлық жүк жинаған халық екені айтылды.

2020 жыл 16 наурыз. Covid-19 індеті Қазақстанға жетті.

Елде карантин жарияланып, қалаларда локдаун болды. Наурыз айында адамдардың ауруы мен дәрі тапшылығы аса байқалған жоқ. Сол жылдың маусым-тамыз айларыныңы арасында науқастарға аухаруханадан орын жетіспеді, қалалар мен елді-мекендерде жаппай дәрі-дәрмек тапшылығы сезілді. Халық әлеуметтік желілерден парақшалар ашып, бір-біріне көмек қолын созды. Шетелде жүрген өнер иелері, блогерлер мен қазақстандықтар қаражат жинап елге оттекті концентратор аппараттарын жеткізді.

Ортада алып-сатарлар пайда болды, дегенмен ел бір-біріне көмек беруді тоқтатпады. Аты жаман індеттен қайтыс болғандар саны күн санап артты. Қазақстан президенті Тоқаев сол уақыттағы үкімет жұмысының тиімсіздігін айтып, жағдайды қалыпқа келтіруге уақыт берді.
– Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды, – деді сонда Тоқаев.
2020 жыл 2 мамыр. Мақтаралды су басты.

Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтіп, бірнеше ауылды су алды. Билік "бес мыңнан астам адам қауіпсіз жаққа эвакуацияланды" деп хабарлады. Су алу қаупіне байланысты 2 мамырға қараған түні Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл жерде де жұрт уақытша баспанасыз қалды. Еріктілер өз еңбектерін аяп қалмай қолдан бөгет жасауға кірісті.

Ішер ас пен киер киім тапшылығын басқа облыстар мен халықтар қамтамасыз етіп «Мақтаралға көмек» керуенін жолдап жатты.

Өнер адамдары мен қарапайым халық байланыс орнатып, су басқан елді мекен тұрғындарын жалғыз қалдырмады. Мертіккенге медеу, деміккенге демеу болған тағы халық.
2021 жыл. Маңғыстау облысында қуаңшылық.

Желіде видеосы желдей ескен Түркістан облысының тұрғыны Құрмет Талапқазы малы арам қырылып, аман қалғаны картон жеп жатқан маңғыстаулық ағайынға көмек қолын созбақ ниетте қамыс оруға кірісті.

Құрметті қолдайтындар саны артты. Басқа қалалардан да ақшалай көмектер келді. Соңғы жаңалықтарға сәйкес 24 жастағы жігіт алты вагон шөп пен тығыздалған жоңышқа дайындап қойыпты. Алайда әлі де малға қорек жетіспейді. Осы бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі ьөмендегідей ақпарат таратқан еді.
– Айналым тетігі бойынша жем-шөпті орталықтандырып сатып алу үшін «Каспий» ӘКК арқылы 204 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, 12 маусымда министрлік «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ресурстары арқылы 637 тонна арзандатылған арпа тиеді. Арпа нарықтағы бағадан 17 пайызға арзан сатылады, - делінген хабарламада.
Алайда 10 шілде күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың атқарған қызметін тиімсіз деп, лауазымынан босатты.
Санаға еріксіз келетін сұрақ: 2019 жылдан бері Мамин бастаған үкімет жоғарыда аталған төтенше жағдайлар кезінде тиімді жұмыс атқара алды ма?
Orda.kz оқырмандарына арналған сауалнама. Төменге түсіп дауыс беріңіз!!!
[democracy id="3"]Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты