Мамин басқарған үкімет не бітіріп жатыр? Желіге шолу

Қазақстанда құрылыс материалдары, азық-түлік бағалары қымбаттаған тұста Мамин басқарған үкіметке артылатын сын көбейіп кетті. Үкімет құрамын ауыстыру туралы ұсыныстар да бар.
Orda.kz желіге шолу жасап көрді.
Үкіметтің 5 «жетістігі»
Саясаттанушы Санжар Боқаев Мамин премьер-министр қызметіне тағайындалған 2019 жылдан бері Қазақстан экономикасының кері кетіп бара жатқанын айтады.

– Мамин парламент палатасының отырысында «экономикалық өсім» бар деген айтты. Өнеркәсіп өндірісінің индексі құлады. ЖІӨ құлады. Жұмыссыздық көбейді. Тиімсіз жаратылған бюджет құны 570 млрд теңге. Мемлекеттік қарыз көбейді. Мен тек үкімет құлдырауының бес-ақ түрін айттым.
Үндемейтін және керең үкімет
Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек те facebook парақшасында жанармайдың жоқтығын айтып жазба қалдырды.

– Бұл Үкімет халықты көшеге шығару үшін жұмыс істеп отыр!Былтыр ауру өршіп тұрғанда дәріні тығып отырды біразы өліп тынды. Шекараның бәрін жауып, Халықтың еккен қырыққабатын ысырап қылды оған да үндемедік! «Ойбай, кризис, бюджетте ақша жоқ» дейді, бірақ әкімдер наурыз тойын, қала күнін миллиондар шашып тойлағанда бұл үкімет үндемейді!
Тек қара халық отыз адамға той жасаса айыппұл салып, кәсібін тоқтатады. Ал бүкіл әншілерді жинап алып Түркістан облысының әкімі Шүкеев пен Шымкент қаласының әкімі Әйтенов қала күндерін тойлап сауық-сайран құрып жүргенде бұл үкімет үндемейді!
Сәләркі болмаса қауын қарбызды сыртқа шығарып сата алмаймыз ғой, уа көзі соқыр, құлағы керең үкімет!- делінген жазбада.
«Қазақстан үй салудан ТМД-да бірінші орында»
Журналист Нұргелді Әбдіғани «Үй көп», дейді Мәмин. «Үйсіз көп», деймін мен...» деген тақырыпта жазба қалдырды. Жазба:

– Мәмин деген біздің үкіметтің «бездарный» басшысы (субьективті пікірім) Парламентте 3 сағатқа жуық есеп қылыпты. Сөйтіп: «Қазақстан үй салудан ТМД-да нөмірі бірінші орында», - деп жарияға жар салыпты. Ал сол Мәминнен: «Қазақстанда үйсіз-күйсіз жүрген адамның саны неше?», - деп сұраған жұрт болды ма екен?..
Осыншама омақаса құлаған Мәминнен ел енді не күтеді? Өзінің «бездарныйлығын» мойындап, командасын жинап: «Уа, халқым, қолымыздан түк келмеді», - деп доғарысқа кетуін күтеді. Ал Мәмин қайтеді? Кетуге мәжбүр болып, өзінің тікелей басшылары (әдейіге көпше түрде жазып отырмын) «кете ғой» демейінше, «отыр көтім он айға» салып отырады. Ал кетуге тура келгенде, кетераяққа: «Елбасым мен Президентіме тізем қанағанша тізерлеп тұрып алғыс айтамын», - деп кетеді.
Үкіметтің ойынша бәрі керемет
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан үкімет отырысының «нәтижесіз» екенін жазған.

– Бүгінгі Парламентте өткен Үкіметтің 3-сағатқа созылған есебін көріп шықтым. Не деуге болады? Әзірше экономика жағынан түбегейлі өзгерістерді күту - бос әуре. Әзірше баяғы жартас сол жартас жалғаса береді. Үкіметтің ойынша бәрі керемет, бәрі дұрыс, яғни ешқандай реформаны күтпеңдер деп отыр. Бірақ нағыз реформаны жүзеге асырмаса халықтың жағдайы түзелмейді. Олигарх өз мүдделерін әлі де қатаң ұстап тұр. Әзірше солай.
Еске салар болсақ, Мұхтар Тайжан үкіметті отставкаға жіберіп, «жаңа үкімет» құруды ұсынған болатын.
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты