«Мамам қашан келеді»: автобус қағып өлтірген ерлі-зайыпты жерленді
Алматыда автобустың астында ажал құшқан ерлі-зайыптыларды туыстары соңғы сапарға шығарып салды. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген марқұмдар жұмыстан үйге қайтпақ болған екен.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Ерлі-зайыптының артында 4 баласы қалды. Марқұм Талап Қасымов пен жұбайы Гүлжахан Ырсымбаеваның қаза тапқанына туысқандары сенбейді. Екі перзенті әлі кәмілет жасына да толмапты.
«Үнемі екеуі бірге жүретін еді, сол күні де екеуі ойында ештеңе жоқ, балалары үйде күтіп отырғанын біледі, асығып келе жатқан ғой. Жолда көлік тоқтатып тұрды. Тура қосақтасып екеуі. Балалары түсінбейді әлі, олар біз келгенімізге қонақ деп, жүгіріп ойнап жүр, ертен мына адамның бәрі кеткеннен соң, не деп жауап береміз? Мамасын сұраса, папасын сұраса ,не деп айтамыз?» деді туысы Гүлнәр Тұрсынбекова.
Ерлі-зайыптылар оқуға бірге түсіп, бірге аяқтаған. Жұмысқа да қол ұстасып бірге кіріпті. Екеуі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Сол күні мектептен шығып үйге қарай беттеген. Жол жиегіне тұрып, қала сыртына жүретін көлікті күткен. Сөйтіп ойламаған жерден автобустың астына түсіп мерт болған.
«Қатты жылдамдықпен келді деді ғой, қашқан адамдарды көрдім. Қашып құтылғандар бар. Құтыла алмай қалған ғой, біздің балалар. Полиция қызметкерлері куәлігін алған да, тыныш отыра берген. ЖСН , басқасы бар, қазір дамыған кез ғой, бірден түнде хабарламай ма?!» деп айтты туысы Абдулла Құрбанов.
Балаларының ең үлкені – 23, екіншісі – 18 жаста. Үшіншісі – 9-сынып оқушысы, ал кенжесінің жасы – бесте.
«Артында балалары қалды ғой. Кішкентай баласының өзі 5-6 жаста. Ол күнде мамасын сұрап отыр. «Неге мектептен қайтпайды» дейді. «Мамам қашан келеді» деп отыр. Барынша өзінің жазасын алсын. Ол қылмыс қой барып тұрған! Бір адамды емесғ бірнеше адамды басып өткен. Келіп, тіпті кешірім сұрамаған адамдарға не деп айтамыз? Автобус паркінен де келмеді ғой, ешкім» деп мұңын айтты марқұмдардың туысы Сүйінбай Оңғарбеков.
Қара жамылған отбасы автобус паркінен өтемақы төлеуді де талап етеді.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады