Қызылша ауруының өршуі: Қазақстанға 500 мың доза вакцина әкелінді
Алматыға қосымша жаппай иммундау үшін қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы 500 мың доза көлеміндегі вакцина партиясы келді.
Ведомство Қазақстанда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданғанын еске салды. Халық арасында қызылша инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер вакцинация мәртебесіне қарамастан балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу туралы қаулыға қол қойды.
«Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау үшін вакцинаның қосымша көлемін сатып алу бойынша жұмыс жүргізді. Жалпы, қосымша жаппай иммундау үшін МКР-ға қарсы вакцинаның 1,5 миллионнан астам дозасы сатып алынды.
Келіп түскен вакцина ҚР ҚСЭК бұйрығына сәйкес ел аймақтарына жедел жөнелтілетін болады. Бірыңғай дистрибьютор барлық GMP және GDP стандарттарына, сондай-ақ «суық тізбекке» сәйкес иммунобиологиялық препараттарды логистикамен қамтамасыз етеді» деп хабарлады министрлік.
Бұл вакцинаның өндірісінде ДДСҰ алдын ала біліктілігі бар, ол шығарылатын вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және індеттің таралуын тоқтату үшін ұсынылады.
«Биыл біздің елімізде, әлемнің көптеген елдеріндегідей, қызылша ауруы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр.Қызылша жұқпалы вирустық инфекция болып табылады, инфекция ауа-тамшы арқылы таралады. Қызылшамен ауырған және оған қарсы вакцина алмаған адам, өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындары арасында қызылшаның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмыстарын бастады» деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство 6 айдан 11 айға дейінгі балалар бірінші кезекте екпе алатынын еске салды. Желтоқсан айынан бастап 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға, егу мәртебесіне қарамастан, медицина қызметкерлеріне (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарлануда.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес біздің елімізде жоспарлы түрде екі рет егіледі: бала бірінші егуді 12-15 айлығында, екіншісін 6 жаста алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық