«Қылмыс әлемінің серкесі»: Оңтүстік Қазақстанды уысында ұстаған «Бас» атанған Серіктің жұмбақ тағдыры

Orda.kz редакциясы Қазақстандағы қылмыстық топтың көсемі болған марқұм Серік «Голова» (ред. Бас) атанған азамат жайлы шындыққа жанаспайтын кейбір деректерді сейілту үшін, анығын жақындарынан және кезінде оған қатысты істі жүргізген құзырлы орган қызметкерінен сұрап, саралап көрді.
Orda.kz тілшісі оның неліктен өмірінің соңғы жылдарын жалғыздықта өткізгенін және өз өліміне кімнің кінәлі екенін айтқанын анықтады.
Қазақстандағы «қылмыс әлемінің серкелері» сиреп барады. Әуелі өте ақылды болғаны үшін «Бас» деген лақап атқа ие болған, Оңтүстік Қазақстанды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Серік Жаманаевтың кім екенін айта кетсек. 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген Серік Жаманаев Оңтүстік Қазақстанның Тараз, Шымкент қалаларына және Алматыға сөзі жүрген қылмыстық топты құрды. Жалпы 9 рет сотталған азамат 2021 жылы 18 қаңтарда 19 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазір сол төрт бірдей «серкенің» екеуі ғана тірі. Олар: Самара мен Бондо. Самара елордадағы №64 тергеу изоляторында сот үкімін күтіп отыр. Бондо болса, онкологиялық аурухананың төсегінде жатыр. Ал қалған екеуі – Лёха Маймыш пен Серік «Голова» – бақилық болды. Маймышты 2024 жылдың желтоқсанында Карелиядағы колониядан асылып тұрған күйінде тапса, Серік «Голова» 2025 жылдың сәуірінде Петропавлдың онкологиялық диспансерінде бауырдың қатерлі ісігінен көз жұмды. Серіктің өліміне байланысты СҚО полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, жұбайының шағымы бойынша облыстық ҚАЖ департаменті қызметтік тексеріс жүргізді. Біздің тілшілер тергеу немен аяқталғанын анықтап қана қоймай, тәуелсіз Қазақстандағы ең атышулы қылмыс әлемінің серкесі – Серік Жаманбаевтың өміріндегі бұрын-соңды айтылмаған жайттарды да саралап көрді.
Марқұм Серік Жаманбаевтың туған-туыстарымен және жақын достарымен біз Қарғалы (бұрынғы Фабричный) ауылындағы орталық мешіт хатымханасында өткен ас кезінде таныстық. Қырқына марқұмның жары – Кәмилә Ахмұлаева арнайы шақырды. Алғашқы сұхбатымызды дәл осы Кәмиләдан алдық.

– Кәмилә, сіздің Петропавлдағы онкологиялық ауруханада жатқан жұбайыңызбен жолыға алмай қиналғаныңызды бұған дейін жазған едік. Сол мақала 2025 жылдың 25 сәуірі таңертең шықты. Ал сол арада 20 минут өткенде СҚО ҚАЖ департаментінен хабарласып, Серіктің қаза тапқанын жеткізді. Айтыңызшы, күйеуіңіздің қазасына нақты не себеп болды? Өйткені бұған дейін тәп-тәуір жүрген еді ғой?
– Сот-медициналық сараптама нәтижесіне қарасақ, күйеуімнің өліміне өңештегі қан тамырларының жарылып, ішкі ағзаларда қан азаюы себеп болған. Денесін зерттеген сарапшылар кеудесінде соққыдан қалған іздерді анықтады. Бұл жарақаттардың неден пайда болғаны күмән тудырғандықтан, Петропавлдағы тергеушілер қылмыстық іс қозғады. Мені ресми түрде жәбірленуші деп таныды. Тергеу әділ, толық әрі жан-жақты өтеді деп сеніп, мен Серіктің өлер алдында жазып кеткен хатын және оның президент пен бас прокурор атына жазған шағымының көшірмесін тергеушіге табыстадым.

– Ол хат сіздің қолыңызға қалай тиді? Туыстарының қолына берілмес бұрын, оның заттарын түрме қызметкерлері түгел тексермеді ме?
– Серік хатты өте сенімді жерге жасырыпты. Содан біз тауып алдық. Ол хатта өз өліміне мекеме әкімшілігін, дәрігерлерді және күзетші полиция қызметкерлерін айыптауды өтінген екен.
– Ал президент пен бас прокурорға жазған шағымында не айтты?
– Құқықтарының тапталғаны жөнінде айтыпты. Медициналық картасын ұрлап әкетті, мүгедектіктің үшінші тобынан екінші топқа ауыстыруға қатысты істі созып, дұрыс ем жүргізілмеді. Берілген дәрілердің пайдасынан зияны көп болды. Ішіне жиі қан кеткен екен.

— Тергеу қай сатыда тұр?
– 2025 жылдың 30 мамырында қылмыстық іс «қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты» тоқтатылды. Тергеуші күйеуімнің өз өлімімен, яғни бауырдың ісігінен болған деп шешті. Кінә артатын ешкім жоқ деп есептеді, сөйтіп істі жапты. Мен бұл шешіммен келіспедім. Сол себепті облыстық және Бас прокуратураға шағым түсірдім.
– Облыстық ҚАЖ департаменті қандай қызметтік тексеру жүргізді және нәтижесі қандай болды?
– ҚАЖ басшылығы осы жылдың наурызында ішкі тәртіп ережесін бұзған №66 түзеу мекемесінің қызметкеріне тәртіптік жаза қолданды. Ол түнгі сағат 23:00-ден кейін Серікті түрмедегі телефон арқылы маған қоңырау шалуға мәжбүрлеген. Күштеп қоңырау шалдырудағы мақсаты – құқық қорғаушының әлеуметтік желіде түрме басшылығын сынаған жазбасын өшіруін сұрау еді. Түнде телефон шалуға тыйым салынған, сол себепті бұл қызметкерге сөгіс берілді.
– Түсінікті. Енді, Кәмила, Серік жайлы ел арасында тараған түрлі әңгімелердің біріне тоқталсақ. Айтыңызшы, ол өмірінің соңында қоғамдық ұйымға мүше болғаны рас па? Мұндай қадам қылмыс әлеміндегі беделі бар оның ұстанымына қайшы ғой. Ол неге бұлай етті?
– Бұл менің өтінішім болды. 2025 жылдың наурызында мен Серікті «Әділет үшін» атты сотталғандардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестікке кіруге көндірдім. Себебі, бірлестікке кіргенде ғана ұйымның белсенділері оның атынан мемлекеттік органдарға арыз-шағым жолдай алатын еді.
– Бұрынғы өз ережесімен жүретін қылмыс әлеміндегі беделді азаматтар отбасы құрмайтын. Өйткені бұл олардың жазылмаған заңына қайшы. Бірақ Серік сізбен ресми түрде некеге тұрған екен. Бұрынғы әйелдерінен туған екі баласына заңды күйеу болмаған. Неге сізді таңдап, ресми некеге отырды?
– Біз 2007 жылы мешітте неке қидырып, үш баланы бірге тәрбиеледік. Кейін колонияға бару мәселесі туындады. Ресми некеде болмағандықтан, маған ұзақ мерзімді кездесу рұқсаты берілмеді. Сол үшін біз 2013 жылы АХАЖ арқылы заңды түрде некемізді тіркедік.
– 16 жастағы қызыңыз неге сіздің тегіңізді алған, ал 15 жастағы ұлыңыз бен екі жастағы балаңыз әкесінің тегін алып жүр?
– Қауіпсіздік үшін солай болды. Алайда Жәнел қазір Ахмұлаеваның орнына Жаманаева болып, тегін ауыстырғысы келеді. Мен әкелікті анықтау туралы сотқа арыз түсірдім. Шешім шыққан соң бірден ауыстырамыз. Ол әкесін қатты жақсы көреді, үнемі мақтанышпен айтады.

– Сіз күйеуіңіздің «қылмыс әлеміндегі» мәртебесіне қалай қарайтын едіңіз?
– Не айтарымды да білмеймін. Ол – өте дана, сабырлы, әділ адам болатын. Көпшілік оны осы қасиеттері үшін сыйлайтын. Ал оны рецидивист, «өкіл әке» (крёстный отец) деп атауларына мен қарсы болдым. Иә, тоғыз рет сотталғаны рас, 1996 жылы Сочиде Дед Хасан мен Александр Клаузер секілді әйгілі «өз ережесімен жүретін ұрылар» қылмыс әлеміндегі беделін мойындап, оған «айдар» тақты. Бірақ бұл оның адами болмысын еш дық түсірмейтін. Мен Серікті мақтан тұтамын.
– Серік Қазақстандағы басқа «өз заңы өзінде болған ұрылармен» қандай қатынаста болды?
– Адам ретінде аралас-құралас болды. Лёха, Бондо және Самарамен олар аты шықпай тұрып-ақ таныс болған.
– Оны соңғы рет 2022 жылы соттаған еді. Коммерсантты сабап, абайсызда өлтіріп алғаны үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Серікпен бірге сотталғандардың тағдыры не болды?
– 10 адамның жетеуі бостандыққа шықты. Солардың бірі, менің туысқаным, еркіндікке шыққан соң үш айдан кейін бауырдың қатерлі ісігінен көз жұмды. Қалған үшеуі әлі де колонияда отыр.
– Күйеуіңіздің есірткі саудасына көзқарасы қандай еді? Ресми түрде ол заңсыз есірткі сақтау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ кейбіреулер оны түрмедегі шетелдік есірткі тасушыларды аяусыз жазалаған дейді. Тіпті жұрт арасында Серік олардың денесін күйдіріп, таңба қойып отырып жазалады деген қауесет тарап кетті...
– Серік есірткімен айналысатындарға мүлде қарсы болатын. Олармен күрескені үшін зардап шекті де. Серікке және «Абрам» деген лақап атпен танымал тағы бір беделді адамға құқық қорғаушылар есірткіні өздері «салып жіберіп», қамауға алған. Бірақ олар түрменің өзінде де есірткі саудасының жолын кесуге тырысты. Ал денесін күйдіріп жазалау мәселесіне келсек, 90-жылдары бір-ақ рет болған. Ол кезде синтетикалық есірткі таратқан шетелдіктің денесіне қыздырылған үтікпен таңба салған.
– Мінезі қатты болған екен. Кезінде журналист Оралғайша Омаршанованың өліміне қатысты тергеуде күйеуіңіздің есімі күдікті ретінде аталды. Сіз оның куәгер болғанын айттыңыз. Басқа деректерде айғақтар жетіспеген соң босатылғаны айтылады. Бұл істің соңы не болды?
– Бұл іс баяғыда жабылған. Одан кейін күйеуімді ешкім мазалаған жоқ, қайта жауап алуға шақырмады. Бір білетінім, сараптама жасалған жерден табылған сүйектердің журналистке тиесілі екені дәлелдеген жоқ.
– Сіз маған Серіктің көзі көгеріп, ісінген суретін жолдаған едіңіз. Ол жараны қай кезде, қандай жағдайда алды?
– Бұл сурет 2020 жылы түсірілген. Ол кезде соңғы ісі бойынша тергеу жүріп жатқан. Серіктің көзі қалай көгергенін Алматы тергеу абақтысының қызметкерлерінен немесе ҰҚК тергеу тобының мүшелерінен сұрасаңыз болады. Олар білуге керек.

–Соңғы жылдары күйеуіңіз туралы ешқандай хабар болмады. Ал басқа «серкелер», мәселен, Самара түрмелерге жазбаша үндеулерін жолдап, сотталғандарға белгілі бір жағдайларда қалай әрекет ету керектігін айтып отыратын. Ал Серік немен айналысты?
– Серік соңғы жылдары қоғамнан толық оқшауланып, жалғыз адам отыратын камерада жатты. Он бес жыл бұрын ол Ақтөбедегі жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан еді. Кейін оны Арқалықтағы жабық түрмеге ауыстырды. Артынша Жаман-сопкаға, одан соң Қарағандыға этаппен жөнелтті. 2019 жылы бостандыққа шықты. Үйде тоғыз ай ғана болып, қайтадан қамауға алынды. 2022 жылы Петропавл колониясына жіберілді. Біраз уақыт Қостанайдағы тергеу изоляторында отырды да, қайтадан Петропавлға оралды. Сол жақта, ауруханада қайтыс болды. Менің ойымша, оны әдейі жалғыз камераға қамап, адамдармен қарым-қатынасын шектеді. Серіктен қорықты, сондықтан әр қадамын бақылауда ұстады.
– Ол үнемі жалғыз камерада отырса, сіз оған қалай барып, жолығып жүрдіңіз?
– Еш қиындықсыз бардым. Жылына екі рет аз уақытқа, екі рет ұзақ уақытқа кездесуге құқығымыз бар еді. Солар арқылы жүздесіп тұрдық. Бұдан бөлек, апта сайын түрмедегі таксофоннан маған қоңырау шалатын.
– Кәмилә, құпия болмаса, сізге тергеушілер, прокурорлар немесе басқа тұлғалар сотқ пара беріп, күйеуіңіздің ісін жаптырып немесе ақтап аламыз деген ұсыныстар айтпады ма? Серік ұрлық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, есірткі, қару-жарақ сақтау сияқты істер бойынша айып тағылып сотталды ғой. Осындай істерді жеңілдетуге уәде берген «араағайындар» болмады ма?
– 2013 жылы бір арсыз әйел адам бізге көмектесемін деп уәде берді. Ол бұрынғы судья, адвокат болған, ал сол кезде нотариат кеңсесінің иесі еді. Өзінің құқық қорғау органдарындағы таныстарын айтып мақтанатын. Мен сеніп, бар жинаған 20 мың долларымды бердім. Ол Серікке мекеме ішін абаттандыру жұмыстарынан бас тартқаны үшін қосымша жаза қоспайтындай етіп, мәселені «реттеймін» деді. Алайда уәдесінде тұрмай, ақшамды алып, алдап кетті.
– Қылмыс әлеміндегі беделді адамдардың мемлекеттік құрылымдарда өз адамдары болады дейді. Серіктің де құқық қорғау органдарында «өз адамдары» болды ма? 90-жылдардағы қылмыстық қақтығыстар кезінде оған көмектескендер болды ма?
– Бұл жерде «көмектесті» деу басы артық сөз. 90-жылдары менің нағашы ағаларым құқық қорғау органдарында қызмет етті. Олар түрлі күдікпен Серікті бірнеше рет ұстауға мәжбүр болды. Мен ол кезде Серікті танымайтын едім. Кейін ағаларым қызметтен кеткен соң, біздің қарым-қатынасымызға назар аударды. Олар: «Басшылықтың бұйрығын орындадық. Ол кезде «ұрылар түрмеде отыруы керек» деген Жеглов ұстанымы үстем тұрды» дейтін. Өздері амалсыздан ұстағандарын түсіндірді. Дегенмен ағаларым Серікті мықты тұлға ретінде құрметтейтін. Ал сіздің нақты сұрағыңызға келсек, иә, жедел уәкілдердің арасында алдағы қауіп-қатер туралы Серікке алдын ала ескертіп жүретіндері де болды. Ескі дәуірдің «менттері» «өз заңы өзінде болған серкелерді» сыйлайтын.

— Серіктің мүгедектік алуы және оның денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылуына қатысты түсініксіз нәрсе бар. Екі ай бұрын сіздер оның бауырында ісік пайда болып, ауырып жатқанын, соған қарамастан, екінші топ мүгедектігін бермей, колониядан босатпай отырғанына шағым жасаған едіңіздер. Бірақ басқа деректерге қарасақ, Серікті босатуға рұқсат берілгенін айтады. Сонда қайсысы шындық?
— 2022 жылы Серікке бауырының ауыруына байланысты үшінші топ мүгедектігі берілді. Ал 2024 жылы жағдайы нашарлап, бауырында ісік анықталған соң, оны екінші топқа көшіру керек болатын. Алайда олар көшірмеді. Біз соған байланысты наразылық білдірдік. 2025 жылдың 15 сәуірінде дәрігерлердің ресми түрде бас тарту туралы жауабын алдым да, сол күні-ақ eOtinish арқылы шағым түсірдім. 17 сәуірде оң жауап келді. Мен сот шешімімен Серікті жылдам босатады деп үміттендім, үйге алып кетеміз деп ойладым. Бірақ 2025 жылдың 26 сәуірі күні таңғы сағат тоғызда ол Петропавл қаласындағы онкологиялық ауруханада көз жұмды. Меніңше, дәрігерлер оның өмірінің аз қалғанын білгеннен кейін ғана оны босатуға келісім берген сияқты. Осылайша, олар өздерін қызметтік тексеруден және бізден болатын сыннан арашалап қалғысы келді.
— Егер Серік бостандыққа шығып, емделіп, сырқатының беті қайтса, немен айналысар еді? Тіпті сіз өзіңіздің сұлулық салоныңыздан тапқан табысыңызбен күйеуіңізді, үш балаңызды қамтамасыз етіп отыра алар едіңіз. Бұл туралы сөйлесіп пе едіңіздер?
— Серік 2019 жылы түрмеден шыққанда туған ауылында мал өсіргісі келетінін айтқан. Ол ешқашан қол қусырып отырмайтын, отбасын асырау жүгін маған артпайтын. Нағыз отбасы иесі болатын, сенімді, мейірімді, қамқор әрі жанашыр адам еді. Оған талай мәрте бізбен бірге шетелге кетіп, өмірінің соңын тыныш жерде өткізуді ұсынғандар болды. Бірақ ол сүйікті ауылынан кетуден үзілді-кесілді бас тартты.
Ұрыға ұры бауыр болмайды!
Қадірлі оқырман, біздің мақсатымыз марқұм Серік Жаманаевты ақтап алу немесе оның атағын шығару емес. Біз тек оны көзі тірісінде таныған адамдардың естеліктері арқылы қандай тұлға болғаны жайлы ақпарат жинауға тырысып көрдік. Мақаламыз безбенмен қатар тартып қойғанда шындықты ғана жеткізуі үшін қарсы тараптың өкілімен де тілдестік. Өзін Алик деп атауды өтінген полиция капитаны (қосымша) қылмыс әлемінің көлеңкелі тұстары мен Серік Жаманаев туралы аты-жөнін жарияламауды сұрап, біраз нәрсе айтты.
— Алик, сіз Серік Жаманаевпен таныс пе едіңіз?
— Жоқ, оны сырттай ғана білетінмін. Өзімен араласудың қажеті болмады. Алғаш рет ол туралы 1997 жылы естідім. Сол кезде мені Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасындағы әзірлеу бөліміне ауыстырды. Ол жерде қылмыс әлеміндегі адамдарды бақылау істерін жүргізетінбіз. Бір күні Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері Жаманаевты оның жиенінің үйлену тойында ұстады. Жиені Ұзынағаш ауылындағы полиция басшысының қызына үйленіп жатқан еді. Ол кезде Жаманаев түрмеден енді босап шыққан еді. Содан отбасының тойына келген кезі. Ұзақ уақыт бостандықта жүрмесін деп, оны басқа адамдармен бірге бірден қамауға алды. Қызмет бабымен тексергенде біреуінен тапанша, екіншісінен есірткі табылды. Ал Жаманаевтың өзінен оқ-дәрі мен есірткі заттары шықты. Сөйтіп, менің оған қатысты бақылау ісімді тергеудің бас органы өзіне алып қойды. Ал мен болсам, оның жақын туысы жайлы түскен жедел мәліметтерді тексерумен айналыстым. Ол туысы Ұзынағаш пен Қаскелеңдегі кәсіпкерлерден «алым-салық» алып отыр деген күдік болған. Бірақ дәлел жетіспегендіктен, қылмыстық іс қозғалған жоқ сияқты. Қазір нақтысын есіме түсіре тұрмын.
— 1990-жылдардағы қиын кезеңде, полиция дереккөздерінің сүйенсек, «Бас» атанған Серік Жаманаев қандай адам болған?
— Мәртебесіне сай қатты, мықты тұлға еді. Алматыда ол күзетшілерімен бірге жүретін. Кейде адвокатымен бірге көзге түсетін. «Мерседес-600» темір тұлпарына мініп, қала ішінде емін-еркін жүретін. Кейінірек сол адвокаттың мәйіті табылды.
— Маймыш пен «Бас» атанған Серік Жаманаевтың араға 4 ай салып, бірінің артынан бірі көз жұмғаны күдікті көрінбей ме?
— Өз басым қастандық жайлы болжамдарға сенбеймін. Әсіресе «қылмыс әлемінің серкелеріне» қатысты айтқандарға нанбаймын. «Бас» (Голова) ісіктен қайтыс болды. Бұл ресми ақпарат, оған қосарым жоқ. Ал Маймыштың өлімі күмән тудырады. Меніңше, өз адамдары оның көзін жойды. Сіздердің мақалаларыңыздың бірінде бір тәжірибелі кісі оны колонияда федералдардың арнайы адамдары өлтірді деген пікір айтыпты. Ол кісі «Маймыш Ресейдегі арнайы әскери операцияға қарсы шығып, сотталушыларды майданға тартуға қарсылық білдіргені үшін өлтірілді» дейді. Бірақ бұл – хайп үшін айтылған бос сөз! Одан артығын айтайын, қазір қалған қылмыскерлердің өзі түгел түрмеде өледі. Олардың кейбірімен өзім сөйлескенмін, сондықтан не айтып тұрғанымды білемін. Бұрынғы қылмыскерлер түрмеде негізінен туберкулезден көз жұматын, ал қазіргі «беделді қылмыскерлердің» көбі — есірткіден өліп жатыр. Ұзақ уақыт қамауда отырған соң, олар ішімдік пен есірткіге салынып кетеді. Одан кейін ағзасы сыр береді, аурулары асқынады. Ақыры бақилық болады. Бұрынғы ұрылардың жолымен жүрген Саша Клаузерді түрмедегілер төбесіне көтеріп, «шын ұры» деп құрметпен еске алатыны есімде қалыпты.
Оператив деректерге сенсек, құқық қорғау органдары Серіктің жақын туысының үстінен тексеріс жүргізген. Оны Ұзын-Ағаш пен Қаскелеңдегі кәсіпкерлерден заңсыз ақша жинады деп күдіктенген. Алайда айғақтар жеткіліксіз болғандықтан, қылмыстық іс қозғалған жоқ секілді. Толық мәлімет қазір жадымда жоқ.
– Ал 90-жылдары Серік Голова қандай адам болған? Полиция дереккөздері не дейді?

– Серіктің туған-туыстары мен достары оны денсаулығына байланысты босатпағанын, себебі билік оның жұрт білмейтін құпия мәліметті айтады деп қорыққанын айтады. Бұл пікірге не дейсіз?
– Жалпы Серік Жаманаевтан бөлек, қылмыс әлемінде шайқап жүргендер туралы айтар болсам, қазіргі кезде ешбір судья оларды, тіпті басынан бақайшағына дейін ақша жаудырамын деп ұсынса да, бостандыққа шығармайды. Өйткені, ондай азаматтардың өлер алдында бірдеңе бүлдіріп жүрмесіне кім кепіл? Жоғарыдан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу туралы нақты тапсырма берілген. Сондықтан құқық қорғау органдары мен судьялар соны бұлжытпай орындайды.Мәселе – олардың бостандықта жүріп, елдегі қылмыстық ахуалға әсер етуінде емес. Кейде шетелдік барлау қызметтері өз мүддесі үшін дәл осындай адамдарды қолжаулық етуге тырысады. Ал енді ҰҚҚ серкелерінің бірін босата қалсаң, ол өз адамдарын алға шығарып, саясатқа да араласуы мүмкін. Ал мұның ешкімге қажеті жоқ. Қараңыз, бір атышулы азамат Қаңтар оқиғасында көзге түсті де, кейін көп жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздік пен мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деген айыппен.
– Серік Жаманаевтың әйелі кейбір полиция қызметкерлері күйеуіне алдын ала мәлімет беріп отырғанын айтқан еді. Сіз құқық қорғау органдарында қызмет еткен кезде қызметтегі адалдықты бұзған мұндай жағдайларға тап болдыңыз ба?
– Иә, болған. Ол кезде бізде Фрунзе аудандық ішкі істер бөлімінде бір опер жұмыс істейтін. Мен оған сенбейтінмін. Өзі әріптестеріне жиі мұрнын шүйіріп қарайтын, үнемі бір нәрсеге көңілі толмай жүретін, бәрімізді сынап-мінеп, кекетіп сөйлейтін. Кейін ол ҰҚҚБ-ға (ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма) ауысты. Сол жақта жүріп, ақыры қарсы жақтың адамдарына жұмыс істегені әшкереленді. Яғни қызметтік мүддеге сатқындық жасаған бір нақты жағдай болды.
— Жұрт арасында «қылмыстық әлемнің серкелері өте зерек, ақылды, көшбасшылық қабілеті бар, классикалық әдебиетке, өнерге, музыкаға әуес адамдар» деген пікір бар. Кейбірі Абайтанушы, кейбірі ақын, жазушы. Бұл жай ғана әсірелеу ме, әлде олар шынымен жан-жақты дамыған тұлғалар ма?
– Менің байқауымша, олар қалыптасқан жағдайдан бөлек, өзгеше ойлай алатын адамдар. Ақылды, психологияға өте мықты болады. Олар адамды тыңдай біледі, өзіне баурап алады. Өзім маман емеспін, бірақ өзгелердің айтуынша, олар шын мәнінде классикалық әдебиеттен, өнерден, музыкадан хабардар болады. Спорт пен ұлттық дәстүрлерді де жақсы біледі. Бірақ, өкінішке қарай, олардың энергиясы – өркендетуге емес, қиратуға жұмсалады. Мұны олардың құрбаны болған жандар жақсы біледі. Егер сіз сол жәбірленушілермен сөйлессеңіз, қылмыскерлер жайлы әсіреленген әңгімелердің бәрін сыпырып, шынайы жағдайды ашық айтып берер еді.
— Сіз оларға қатысты тараған көп мифтің бірін жоққа шығара аласыз ба?
– Әрине! Ең көп тараған миф – бұл ұрылардың бәрі бір-біріне бауыр, әрқашан бір-бірі үшін отқа түседі деген аңыз. Бұл – шындыққа жанаспайды. Мүмкін, кеңес заманында солай болған шығар, бірақ қазіргі «жыртқыштар дәуірінде» ондай ұғым қалмаған. Қазіргі заманда олар бір-бірімен дос емес. Олар тек іскерлік мүдде үшін араласады, қажет кезде өз әріптесін бәсекеден құтылу үшін құрбан етуге де дайын тұрады.

— Қазір олар қылмыстық жолмен қалай табыс тауып отыр?
— Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Өйткені құқық қорғау органдарынан кеткеніме біраз болды. Әрі қазір «өкіл әкелердің» тағдырын қадағалап жүрген жоқпын. Бірақ болжауымша, олар табыс әкелетін кез келген салаға араласады, тек мұнай-газ секторына кіре алмаған. Себебі бұл салаға оларды әлі күнге дейін жолатпайды. Кейде таза кәсіпкерлердің өздері де мұнайға жолай алмайды. Өйткені бұл саланы шетелдік инвесторлар бақылап отыр. Қылмыстық топтар ең көп айналысатын іс деп ішімдік саудасын, металлургия кәсіпорындарын, астыртын құмар ойындарды, қызмет көрсету бағытын, сауда мен қоғамдық тамақтану орындарын айтуға болады.
— Олар әлі күнге дейін түрмелерге бақылаушы тағайындап отыра ма?
— Бұл, бәлкім, олардың бұрыннан келе жатқан жалғыз «ерекше ықпалы» шығар. Бірақ қазір бұл да оңай емес. Соңғы жылдары қылмыстық беделі бар адамдарды қатал режимдегі колонияларда ұзақ ұстамайды. Оларды бір орыннан екінші орынға жиі ауыстырып отырады. Мысалы, сол Махар сияқты қылмыскерлер. Бұл — олардың колонияларда ықпалын арттырып, өз ережесін орнатпауы үшін жасалады. Яғни, басқаларды көтеріліске итермелеп, жазаны өтеу шарттарын жеңілдетуге ұмтылмасын деген мақсатта. Қазір түрмелерде мұндай беделділер сиреді.
— Қылмыс әлемінің серкелері ұсталғанда әртүрлі мінез көрсетеді. Біреулері — мысалы, марқұм Лёха Маймыш — өздерінің қылмыстық иерархиядағы жоғары дәрежесін ашық айтып, тіпті сонымен мақтанған еді. Ал кейбірі бұл жайлы жұмған аузын ашпайды. Тергеуші нақты сұрағанда ғана мойындайды. Неліктен олар осындай мінез көрсетеді деп ойлайсыз?
— Біздің «серкелер» өмірдің талай өткелінен өткен. Сондықтан телекамера алдында: «Мен — қылмыс әлемінің серкесімін!» деп шіреніп тұруға құмар емес. Бұл жағынан олар грузин қылмыскерлеріне ұқсамайды. Мысалы Ресей құқық қорғау органдарының назарына іліккенде, грузиндер өз дәрежесін ашық көрсетіп, жасырмай, мақтана айтып береді.
— Көптеген «серкелер» есірткі саудасы үшін сотталған. Бірақ адвокаттары мен туыстарының айтуынша, олар жылдар өте келе есірткі саудасына деген көзқарасын өзгертіп, оған қарсы күреседі екен. Сіз осы пікір жайлы не айтасыз?
— Бұл «бал аралары балға қарсы» деген секілді сөз ғой. Олар әрдайым есірткі арқылы келетін орасан табыстан пайда көреді. Ал түрмелерде кейбір нашақорларға қарсы шықса, ол — тек өзіне қарсы келген, бағынбайтын бәсекелестерін жою үшін жасалған іс. Әйтпесе олар бұл саладан шет қалған емес.

— Соңғы 15–20 жылда талай қылмыстық беделі бар тұлғалар өз кәсіптерін заңдастырып, біртіндеп көлеңкелі әлемнен кетуге тырысты. «Ұрылардың ортақ қазынасы» қазір қалай және қайда жиналады?
— «Ұрылардың ортақ қазынасы» (общак) тек қылмыстық жолмен келген табыс. Оған түрмедегілер бостандықта жүргендерге ақша қосады деген қате түсінік. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, сотталушылардың ақша жинайтын ұжымы қайдан болады? Сотталғандар өз ақшаларын өздеріне, күнкөрісіне, туыстарына, адвокаттарына береді. Ал кейбір енді ғана сотталғандар сол «ұрылардың ортақ қазынасынан» (общак) өз үлесін алады. Ал бостандықта жүрген «серкелер» ақшаны өздері табады.
Автор: Жанар Құсанова
Жаңалықтар
- Жезқазғандағы Медет Исламның ісі бойынша айыпталушыларға сот үкімі шықты
- Ердоғанның қарсыласы Экрем Имамоглу сотталды
- Сот залында айыпталушының анасы өзін-өзі өртемек болды: Адам ағзасын саудалаған қылмыстық топқа сот үкім шығарды
- Алматы әуежайында қызметкер қызды кепілдікке алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды
- Алматыда газ құбыры жарылысынан бір көлік аударылып түсті
- Ақтөбеде парашютпен секірген курсант мерт болды
- Белгілі журналист Әлия Әшім оқырмандардан кешірім сұрады
- Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін өлтіріп кетті
- Амантай қажы бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберді
- НЗМ-нің ата-аналары Перизат Қайрат ісінде жәбірленуші ретінде танылды
- Түрікменстанда Сердар Бердімұхамедовке «сұлтан» атағын беру ұсынылды
- Абай облысында қоластындағыларға айырсадақ атқан полиция басшысы орнын босатты
- Жамбыл облысында келінін қорлаған ер адам 10 күнге қамалды
- «Жоғары жалақы, жалған сыйақы»: Өскемен әуежайының бұрынғы басшылығын тергеу аяқталды
- Украинаның премьер-министрі отставкаға кетті
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?