Күдебаев елге өз еркімен келді ме? – Бас прокуратура жауабы

cover

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың ұлының Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысының Қазақстанға өз еркімен оралды деген сөзін жоққа шығарды.

«Күдебаевты ұстап, елге қайтару үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, орасан зор жұмыс атқарды. Интерпол күштері қосылып, Түркияның Әділет министрлігіне оны экстрадициялау бойынша материалдар жіберілді» деп хабарлады Бас прокуратура.

Сондай-ақ Серік Күдебаевтың Қазақстанға өз еркімен оралды деген сөз шындыққа жанаспайды.

«Ол Түркияда тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін құжаттар тапсырды. Шетелдік әріптестердің көмегімен Күдебаев Түркия Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді» деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар