Қостанай облысында боран кезінде жоғалған әже мен немеренің өлі денесі табылды

cover

Бір күн бұрын жоғалып кеткен 58 жастағы әйел мен оның 11 жасар немересі Степное ауылының шетінде өлі күйінде табылды.

Бұл туралы Қостанай облысының ПД өкілдері хабарлады.

Ауылдан шыққан әжесі мен немересі 26 желтоқсанда жоғалып кетті. Қатты боран кезінде олар Қостанайға азық-түлік алу үшін шыққан.

Оларды тірідей табамыз деген үмітпен полицейлер, құтқарушылар, әскерилер, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері ауыл маңындағы дала мен орман алқаптарын аралады. Алайда бүгін таңертең Степное қаласының шетінде үсіп өлген әжесі мен немересінің денелері табылды.

Қазір әйел мен қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады полиция.

Бір күн бұрын Қостанай облысы ПД өкілдері облыс тұрғындарын қатты боранға байланысты үйлерінен шықпауға шақырған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар