Қостанай облысында боран кезінде әжесі мен немересі жоғалып кетті

cover

Степное ауылында 58 жастағы әйел 11 жасар немересімен таңғы сағат жетіде үйінен шығып кеткен. Олар Тобылға аттанып кету үшін тас жолға шықты, бірақ діттеген жеріне жете алмады.

Ақпаратты «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері таратты. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер қосылып, Степное ауылынан Айсары ауылына дейінгі аумақты қарап шықты.

Қостанай облысында бүгін қатты боран соғады. Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру жұмыстарына көрінудің нашарлығы мен көктайғақ кедергі келтіріп отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар