Коронавируспен кім жиі ауыратыны анықталды
Аурудың таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кіретін Алматыда коронавируспен кім жиі ауыратыны белгілі болды, деп хабарлады ORDA Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Мегаполис әкімдігінің Telegram-каналының хабарлауынша, коронавирустық инфекцияның 35%-ын 20-39 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Ал 40-59 жастағылар аурудың 27,4%-ын, 60 жастан асқандар 21%-ын құрады.
Сонымен қатар, әкімдік инфекция көздері туралы ақпарат берді:
- 39,6% - қоғамдық орындарға бару;
- 27,5% - отбасында коронавирус инфекциясы бар науқаспен байланысу;
- 20,3% - көлік.
«Отбасылық іс-шараларда инфекциялар көбейеді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оңтүстік астанадағы ауруханаларда 909 науқас емделуде. Олардың 149-ы ауыр, 745-і орташа ауырлықта, ал 15 науқастың жағдайы өте ауыр.
Коронавируспен 596 науқас үйде емделіп жатыр.
Қазақстанда соңғы тәулікте 1266 адам коронавирусты жұқтырды.
25 қаңтарда Алматы «қызыл аймаққа» кірді, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары да қызыл аймақта.
Республикада коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандық вакцинамен екпе алатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды
- Ұлттық банк 2027 жылдан бастап несие санына шектеу енгізеді
- Алматы полициясы түлектердің ата-аналарына ескерту жасады
- Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтер мен 13 мемлекеттік марапат табысталды
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов төрт жылға бас бостандығынан шектетілді
- Ерлан Қошанов президентке Ата заң нормаларын іске асыратын жеті конституциялық заң қабылданғанын баяндады
- Ақтауда пластикалық отадан кейін депутат қайтыс болды
- Бес адам сотталған өлім ісі: Туыстары полиция әрекетіне күмән келтірді
- Жетісу облысында мақсатсыз пайдаланылған мыңдаған гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
- Қазақстанда амнистия арқылы қандай жазалар кешіріледі?
- Тоқаев: Жапония — Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб
- Электромобиль сатылымы әлемнің 100 елінде рекордтық көрсеткішке жетті
- Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубына жеңіс сыйлады