Қазақстандықтар Мәди Ахметовті отставкаға жіберу туралы петиция жариялады

cover

Мәди Ахметовтің Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалуы қоғамда наразылық тудырды.

alashonleine сайтында экс-депутатқа қарсы тағы бір петиция бір күн бұрын пайда болды. Оның бастамашысы Саид Саматов Ахметовті саяси көзқарасындағы кенеттен болатын өзгерістері үшін сынап, оның отставкаға кетуін талап етеді.

«Ахметов 2019 жылдың маусымындағы мәлімдемесінен кейін танымал болды. Ол «қазақ жастарының атынан» Алматыда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартты. Кейін Мәди Ахметов президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды»,- деді петиция авторы.

Сонымен қатар, Саматов таяуда Мәди Ахметов тағайындалған лауазымға басқа кандидаттардың қаралмағанына ашуланды:

«Биылғы жылдың қыркүйек айында әлеуметтік желілерде Мәжілістің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне дайындалып жатыр деген ақпарат пайда болды. Содан кейін әкімдіктің баспасөз қызметі бұл орынның шынымен бос екенін хабарлады. Алайда, ол кезде кандидаттар туралы ақпарат болған жоқ»

Айта кетейік, бұл Мәди Ахметовке қарсы бірінші петиция емес. Өткен жылы қазақстандықтар оны әскерге жіберуді талап еткен. Ол кезде жас шенеунік Парламент Мәжілісінің депутаты болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар