«Қазақстан халқына» қорынан қамқоршылық кеңес мүшелері неге қашып жатыр?

«Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесіндегі өзгерістер туралы ресми ақпарат 2 маусымда қордың сайтында жарияланды. Алайда бұл жаңалық ұйымға жақын орта мен БАҚ-та мамыр айының соңында-ақ талқылана бастаған еді. Бір жағынан, бұл қалыпты жағдай сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ екінші жағынан, қаржыландыруы тоқтатылған кезде кеңестен бірден бес адамның кетуі – елеулі әрі алаңдатарлық жағдай. Orda.kz осының мән-жайын анықтауға тырысты.
Еуразиялық пациенттік ұйымдар одағының төрайымы Саида Тәуекелованың айтуынша, шамамен 20 мамырдан бастап журналистер жиі хабарласа бастаған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қамқоршылық кеңестен бес адам, соның ішінде кеңес төрағасы кеткен. Ол кезде ресми сайттан ешқандай түсініктеме немесе нақты ақпарат таба алмадым. Егер кадрлық өзгерістер расында болған болса, қоғам бұның қор саясатына және қаржыландыру басымдықтарына қалай әсер ететінін білуге құқылы. Алдымен Болат Жәмішев үнсіз кетеді, сосын бірден «ақша жоқ» деп жарияланады, енді бұрыннан отырған бірнеше адам бір уақытта кеңестен шығып кетіп жатыр», – деді Тәуекелова.
2 маусымда бұл сұрақтың жауабы табылды – қордың ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде басқарма мүшелерінің ауысқаны туралы ақпарат жарияланды.
«2025 жылғы 2 маусымда Қайырбек Сүлейменов, Эльмира Әлиева, Бақыт Байғалиева, Иван Сауэр және Зауреш Аманжолованың өкілеттігі тоқтатылды. Олар бұл шешімді өз еріктерімен қабылдады» деп жазылды қор өз сайтында.
Айта кетерлігі, олардың өкілеттігі 19–20 мамырда тоқтатылған, ал қамқоршылық кеңестің отырысы тек 2 маусымда өткен. Әрқайсысы кету себебін әртүрлі түсіндірді.
Мысалы, белгілі қоғам белсендісі Эльмира Әлиева телефон арқылы берген жауабында:
«Мен қорда басынан бастап – үш жыл төрт ай жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде барлық сұраныстарға шама-шарқымша жауап беріп, өңірлерге жиі барып, нәтижелерді өзім тексеріп отырдым. Көпбалалы ана ретінде отбасыма сирек көңіл бөлетінмін. Үй шаруасы, бала тәрбиесі, бәрі әжемнің мойнында болды. Қазір әжем 91 жаста, оған да күтім қажет. Сондықтан мен басымдықтарды өзгертіп, отбасымды бірінші орынға қойдым», – деді.
Орфандық аурулары бар науқастарға көмек көрсету қауымдастығының төрайымы Бақыт Байғалиева кеңестен кету себебін орфандық науқастарға арналған бағдарламалардың қор тарапынан аяқталуымен байланыстырды. Ол бұны өз Instagram парақшасында да түсіндірген.
«Орфандық аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтудың үш көзі барлық пациенттерді толықтай қамти алмайтынын Денсаулық сақтау министрлігі мойындауы тиіс. Менің ойымша, «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесі, депутаттар, министрлік Мемлекет басшысына Ресейдегі «Круг Добра» қорына ұқсас Ұлттық мемлекеттік орфандық қор құру туралы ұсыныс білдіруі керек. Біз көптеген қоғамдық қорлар мен пациенттік ұйымдар атынан Президентке жүгіндік. Енді сіздер де аурулары бар науқастарды тағдыр тәлкегіне тастамауға міндеттісіздер» деп жазды Байғалиева.
Мәжіліс депутаты және «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ирина Смирнова да бұл жағдайға түсініктеме берді:
«Жүктелген міндетті орындадық, белгілі бір азаматтар санатына көмек көрсете алдық деп шешіп, енді өзге салалармен айналысуды жөн көрген. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің әрқайсысының жаңа жоспарлары мен бағыттары болған соң қамқоршылық кеңестен шығуды орынды деп тапты», – деді Смирнова.
Алайда, «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесінен бірден бес адамның, оның ішінде кеңес төрағасының кетуі – әсіресе орфандық науқастардың наразылығы артқан сәтте – елеулі жаңалық болды.
«Бұл жай ғана сәйкестік емес. Бұл – дабыл. Өйткені дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде ауыр дағдарыс кезінде осы процестің ортасында жүрген адамдар түсініктеме берудің немесе жауапкершілікті мойындарына алудың орнына құрылымнан кетіп жатыр. Қоғамның қор ішінде не болып жатқанын білуге құқығы бар. Жауапкершілік пен ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс адамдардың үнсіз кетуі – түсініксіз», – дейді Саида Тәуекелова.
Қазақстандағы орфандық ауруларға арналған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі расында соңғы уақытта өте күрделі болып тұр. Orda.kz бұл тақырыпты алдағы материалында жалғастырмақ.
Ал «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесіне қатысты айтар болсақ, 2 маусымдағы сол отырыста жаңа мүшелер сайланды. Олар түрлі сала өкілдері – Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленген азаматтан бастап ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетіп жүрген меценаттарға дейін бар.
«Қор бұған дейінгі қабылданған міндеттемелерге сәйкес, ашықтық, тұрақтылық және қоғамның кеңінен қатысу қағидаттарына сүйене отырып, қайырымдылық бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады» деп жазылған қор сайтындағы хабарламада.
Бұған дейін Orda.kz «Қазақстан халқына» қоры үш жыл ішінде жалпы сомасы 230 миллиард теңгеге 103 жобаны қаржыландырғанын жазған. Ол кезде қор төрағасы болған Болат Жәмішевтің айтуынша, бұл қаражат денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау, спорт және мәдениет салаларына жұмсалған.
22025 жылдың басында Болат Жәмішев басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын аяқтады.
Жаңалықтар
- Олигарх Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
- Ақтөбеде тоқ соққан оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
- Қазақтар шоғырланған Гүлістанға әуе соққысы жасалды: Ирандағы қандастар көмек сұрады
- «Биологиялық мүшеқап»: АҚШ-та ВИЧ-ке қарсы вакцина әзірленді
- Лиза Пылаеваның ісі бойынша нүкте қойылды
- «Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс
- Желіде Атыраудағы қамысты қасақана өртегендердің бейнежазбасы тарап кетті
- Теміртаудың тумасын Ресейде мемлекетке сатқындық үшін 22 жылға соттады
- Қайрат Боранбаевтың ағасы екі жыл іздеуден кейін ұсталды
- Мұғалімді балағаттап НЗМ-нен қуылған оқушы аттестат алды
- Шерзаттың ісі: Айтбек Амангелдінің адвокаттары қомақты қаржы алғаны рас па?
- Қазақстан мен Ресей АЭС салу бойынша жол картасына қол қойды
- «Сұлтан Сүлеймен» сериалындағы атақты Рүстем паша сотталды
- «Екі аяғын кесті»: Әйелін қасақана көлікпен қаққан павлодарлық тұрғын 8 жылға сотталды
- Астанада балаларының көзінше әйелін пышақтаған ер адам терезеден секіріп кетті
- Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады
- Темірлан Еңсебек терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тұлғалардың тізіміне енді
- Сот жылдар бойы қудаланған желтоқсаншыны қуғын-сүргін құрбаны деп таныды
- Маңғыстау жеріне ұшқышсыз ұшатын дрон құлады
- Ғаламторға 16 миллиард логин және құпиясөз тарады