Алматыдағы Hilton қонақүйіне сот орындаушылары қайта келді: 170 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Фото: Orda.kz
Алматыда сот орындаушылары қонақүйді жабуға байланысты рәсімдерді жүргізу үшін Hilton Almaty қонақүйіне қайта келді. Қызметкерлердің айтуынша, 170-ке жуық адам жұмыссыз қалу қаупіне тап болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін сот орындаушылары қонақүйге келіп, ішінде туристер мен қонақтар болғанына қарамастан, есіктерін мөрлеп кеткен еді. Ол кезде бұл жағдай қоғамда қызу талқыланған болатын.
Бүгін атқарушылық іс жүргізу өкілдері қонақүйге тағы да келді. Қызметкерлердің сөзінше, бүкіл қонақүйдің жұмысын көшіруге және ұйымдастыру мәселелерін шешуге небәрі 10 күн ғана уақыт берілген.
Қызметкерлер нысан жабылған жағдайда жүздеген адамның жұмыссыз қалуы мүмкін екенін, ал қонақтардың шұғыл түрде басқа орналастыру орындарын іздеуге мәжбүр болатынын айтып алаңдаушылық білдіруде.
Оқиғаның мән-жайы мен тараптардың ресми түсініктемелері нақтыланып жатыр.
Еске салсақ, Алматыдағы Hilton Almaty қонақүйінде болған көшіру дауы қоғам назарын аудартқаны туралы жазғанбыз. Белгілі болғандай, сол кезде қонақүй ішінде шамамен 200 турист орналасып, олардың арасында америкалық әскери қызметкер болған.
Сол күні оқиға орнына Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері келіп, бұл жағдай туралы алдын ала хабардар болмағандарын, мәселені тек БАҚ арқылы білгенін мәлімдеген еді.
Сот орындаушысы 9 маусымға дейін мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Алайда Hilton қонақүйінің құрылтайшылары бұл шешімге наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, он күннің ішінде бір бөлмелі пәтердің өзін көшіру қиын, ал тұтас қонақүй кешенін көшіру тіпті мүмкін емес. Олар мұндай қысқа мерзімде мүлікті шығарып, қызметкерлерге қатысты мәселелерді шешіп, қонақүйдің барлық операциялық процестерін аяқтау мүмкін еместігін айтады.
Оқиға орнында кезекші прокурор да болды. Ол журналистерге сот шешімінің орындалуы кезінде қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуын бақылау үшін келгенін түсіндірді. Алайда прокуратура өкілінің қатысуы кәсіпкерлер арасында сұрақтар мен түсінбеушілік туғызды. Олардың пікірінше, бұл азаматтық-құқықтық сипаттағы дау болғандықтан, мемлекеттік органдардың көшіру процесін неге мұншалықты жіті бақылап отырғаны түсініксіз. Бұл жағдай кәсіпкерлердің наразылығын одан әрі күшейте түсті.
«Адамдар ертең не боларын білмейді»: Алматыдағы Hilton қызметкерлері көшуге уақыт беруді сұрайды
Алматыдағы Hilton қонақүйін босату төңірегіндегі жағдай тек басшылықты ғана емес, қарапайым қызметкерлерді де алаңдатып отыр. Қонақүй қызметкерлерінің айтуынша, ғимаратты қысқа мерзімде босату туралы шешім ұжым үшін күтпеген жағдай болған.
Қонақүйде бес жылдан бері жұмыс істейтін қызметкер Ғалымжаннның айтуынша, болып жатқан оқиғалар қызметкерлердің көңіл күйіне айтарлықтай әсер еткен.
«Бұл жағдай бүкіл ұжымға ауыр тиді. Көптеген қызметкерлер әрі қарай не болатынын, қалай әрекет ету керектігін білмей отыр. Мұндай шешім біз үшін күтпеген жағдай болды. Адамдардың сұрағы көп, бірақ әзірге нақты жауап жоқ», — дейді ол.
Оның сөзінше, қонақүй тек жастарды ғана емес, жасы үлкен қызметкерлерді және денсаулығында белгілі бір шектеулері бар адамдарды да жұмыспен қамтып отыр.
«Біздің қонақүй әртүрлі адамдарға жұмыс береді. Жаңа жұмыс табу оңай болмайтын қызметкерлер де бар. Әсіресе жасы үлкен адамдар алаңдап отыр. Әрине, бұл олардың болашағына деген алаңдаушылықты күшейтеді», — дейді қызметкер.
Ол қонақүйде жылдар бойы ұйымшыл әрі тату ұжым қалыптасқанын, көптеген маңызды іс-шаралардың өткізілуіне атсалысып келе жатқанын атап өтті.
«Біз көп жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз, ауқымды шараларды ұйымдастырамыз. Сондықтан адамдар бұл жағдайдың неге осылай болып жатқанын түсінгісі келеді. Бізге аздап болса да үміт пен уақыт берілсе дейміз. Мұндай мәселелерді бірнеше күннің ішінде шешу мүмкін емес», — деді Ғалымжан.
Қызметкерлер жағдайдың оң шешімін тауып, жұмыс орындарының сақталуына және адамдарға алдағы өзгерістерге дайындалуға мүмкіндік беріледі деп үміттенеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық