Burger King-ке 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
Фото: Instagram/ zhanat_karatay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King компаниясына 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Еңбек министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, осы жылдың ақпан айында Burger King-тің Алматыдағы филиалында аутизм диагнозы бар 27 жастағы қызметкердің себепсіз жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Желі қолданушылары компанияны сынға алып, мәселе кеңінен талқыланды. Кейін жігіттің ата-анасы ресми түрде шағым түсірді.
Министрдің айтуынша, ведомство әлеуметтік желідегі шуға қарамастан, алдымен ресми арыздың түскенін күткен.
«Біз арыздың түсуін екі апта күттік. Әлеуметтік желіде үлкен дау болды, бірақ ресми шағым бірден түскен жоқ. Кейін ата-анасы хабарласып, арыз жазды. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, мекемеге бір миллион теңге айыппұл салынды әрі ескерту жасалды. Қазір мәселе реттелді», – деді Асқарбек Ертаев.
Айта кетейік, дау шыққаннан кейін Burger King компаниясы оқиғаға қатысы бар екі қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатын.
Ал Еңбек министрлігі азаматтарды еңбек даулары туындаған жағдайда еңбек инспекциясына ресми түрде жүгінуге шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық