«Рөлде қарындасым болған»: Жамбыл облысындағы полиция басшысының видеосы тарады
Бейнеден кадр
Әлеуметтік желілерде Тараз қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Сарысу аудандық әкімшілік полиция басқармасының бастығын тоқтатқан сәт түсірілген видео тарады. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Orda.kz хабарлайды.
Кадрлардан қызметкерлердің одан көлікті кім басқарғанын сұрағаны көрінеді. Видеодағы ер адам рөлде өзі емес, «қарындасы болғанын» айтқан.
Желі қолданушылары бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ дейді. Кейбір пікірлерде аталған қызметкердің мас күйде көлік жүргізгені туралы видео бұған дейін де жарияланғаны, алайда сол кезде жауапкершілікке видео авторы тартылғаны айтылған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді.
Orda.kz сауалына жауап берген ведомство өкілдерінің айтуынша, құқыққа қайшы әрекет жасағаны расталған жағдайда аталған қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылады.
«Осы факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Құқыққа қайшы әрекет жасағаны анықталған жағдайда аталған тұлға ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылады. Полиция департаменті заң мен қызметтік тәртіпті бұзудың кез келген фактісіне қатысты қатаң ұстанымда. Ведомство кінәлі тұлғалардың лауазымына, арнайы атағына немесе қызметтік жағдайына қарамастан, олардың жауапкершілікке тартылуын қамтамасыз ететінін мәлімдеді», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен Ботагөз Бақдәулетқызы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық