Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға шығады
Фото: Димаш Құдайбергеннің парақшасынан
Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Әншінің «DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатынын жариялады. Бұл туралы хабарлама Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған.
«Біз турдың алғашқы күндерін көрсетіп отырамыз. Концерт кестесі толықтырылады, жақын арада жаңа қалалар мен концерт күндері жарияланады. Сондай-ақ жаңа турдың алғашқы концерті өтетін қала туралы ақпаратты да жақын уақытта бөлісеміз» деп жазылған хабарламада.
Желіде жарияланған афишада Краков, Дюссельдорф, Мадрид, Мерида және әлемнің басқа да қалалары көрсетілген.
Жанкүйерлер бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдап, пкірлерін қалдырып жатыр.
«О, Құдайым! Қандай қуаныш!», «Сені құшақ жая күтеміз, қымбаттым», «Сен бәрімізді бақытты ететін сәтті асыға күтемін», «Мен әлі де сені Бельгияда күтіп жүрмін» деген пікірлер желіде жарыса жазылды.
Еске салсақ, Алматы қаласында ақпан айының басында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» атты халықаралық телевизиялық жобаның ресми тұсаукесері өтті.
Ауқымды мәдени шараға мыңдаған көрермен жиналып, жобаның алғашқы бөліміне арналған эксклюзивті бейнематериалдарды тамашалады. Тұсаукесер барысында көрермендер түсірілім жұмыстары жүргізілген Түркістан өңірінің әсем табиғаты мен тарихи орындары көрсетілген кадрларға ерекше қызығушылық танытты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық