Президент елді «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттарды сынады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуға арналған кеңеске қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде президент елді «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттар туралы қатаң пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына тағы да арнайы тоқталды.
«Қазіргі әлемдегі әскери қақтығыстар күшейген тұрақсыз кезеңде еліміз үшін бейбітшілік пен тұрақтылық аса маңызды. Онсыз ешқандай реформа да, оң өзгеріс те болмайды. Сондықтан құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтарға қатысты қатаң шаралар мен жазалар қолдануы тиіс. Кейбір адамдар, өкінішке қарай, олардың арасында парламент депутаттары да бар, елімізге немқұрайлы қарап, біздің құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан» немесе «Айыппұлстан» деп атайды. Ондайлар өз ой-өрісінің тарлығын көрсете берсін. Ал біздің халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қажет. Сондықтан біз бұл жолдан таймаймыз және «Заң мен Тәртіп» саясатын табанды түрде жалғастырамыз. Бұл – азаматтарымыздың талабы. Барлық қоғам мен әкімдер бұл мәселеге ерекше назар аударуы тиіс», – деді президент.
Еске салсақ, 2024 жылғы 4 желтоқсанда мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Азат Перуашев бұл құжатқа қарсы шығып, елдің «Айыппұлстанға» айналып бара жатқанын айтқан болатын.
2025 жылғы 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға өз азаматтарымыздың жағымсыз атау тағып жатқанына наразылық білдірді.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мәжбүрлеу шараларынсыз тәртіп орнату мүмкін емес. Сондықтан мемлекет әрекетіне түсіністікпен қарау қажет. Мұнда қоғамда диалог арқылы келісім болуы тиіс. Қалай болғанда да, мемлекет тарапынан заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар елге түрлі жағымсыз атаулар тағуға себеп болмауы керек», – деген еді мемлекет басшысы.
Келесі күні Азат Перуашев «штрафстан» деген сөзі орынсыз болғанын ашық түрде мойындады.
Президент сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
«Әсіресе туристік аймақтарда және табиғат аясында азаматтардың тәртібіне мұқият қарау маңызды. Қоғамдық тәртіпті бұзатындарды, яғни вандалдарды заңға сәйкес жауапкершілікке тарту қажет. Қысқасы, біз барлығымыз бірігіп құқықтық нигилизмге қарсы тұруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы заң мен тәртіпке құрмет – бұл тек жазадан қорқу емес, ең алдымен жоғары жауапкершілігі бар азаматтарға тән қасиет екенін дұрыс түсіну қажет екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты