Қазақстан әскерилері Мәскеудегі жеңіс парадына қатысты
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысатын қазақстандық әскерилерді қарсы алды. Қазақстан атынан Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау әскерлері бригадасының әскери қызметшілері шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақорда мәліметінше, құрамында 80 әскери қызметкері бар парадтық жасақты полковник Алмас Төлегенов басқарды.
9 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кремльге барып, оны Владимир Путин қарсы алды. Президент Тоқаев 8 мамырда Мәскеуге ұшып келіп, шетелдік көшбасшылармен бірқатар кездесулер өткізіп, мерекелік іс-шараларға қатысты.
Бұған дейін президент қазақстандықтарды жеңіс күнімен құттықтаған болатын. Халыққа үндеуінде ол Жеңістің 80 жылдығының ерекше маңыздылығын, майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығын атап өтті.
Тоқаев жеңістің қандай бағамен келгенін еске салып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.
Мәскеудегі жеңіс парадына қай мемлекеттердің басшылары қатысады және қай ел жетекшілері не себепті Мәскеуге бармайтыны туралы баяндадық. Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті.
Orda.kz екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес одағы ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері туралы зерттеу мақаласын жариялады.
Соғыс кезінде шекараның арғы бетінде қалған Қытайдағы қазақтар да азаттыққа жетуге ұмтылды. Саяси күштер, соның ішінде өз мүддесін ойлаған Кеңес үкіметі де оларды астыртын қолдап, тыңшыларын жіберді. Сондай құпиялардың бірі — Баймұқат Тілеубаевтың Қытай еліне тыңшы болып барғаны туралы да оқи отырыңыздар.
Астанада 7 мамырда жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруде кеудесі медальға толы қарт адам қоршаудың сыртында қалып, жұртшылық бұл оқиғаға назар аударды. 7 мамыр күнгі шеруге жіберілмеген қария Теңдік Изақов – еліне еңбегі сіңген ардагер болып шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық