Қазақмыс кенішінде жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» компаниялар тобы ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Ұлытау өңірінде орналасқан Жыланды кенішінде болған апат туралы хабарлады.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 18:30-да Шығыс Сары-Оба кеніші учаскелерінің бірінде өздігінен жүретін жерасты көлігінің жүргізушісі 31 жастағы шахта жұмысшысын қағып кеткен.
«Өздігінен жүретін жерасты көлігін жұмыс орнына алып бара жатқанда жүргізуші абайсызда 31 жастағы жұмысшыны қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақаттарын алған. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр» делінген хабарламада.
«Қазақмыс» компаниясы басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Қараша айында Қазақмыс кәсіпорындарында төрт адам қаза тапты. 6 қарашада Шығыс Қазақстан шахтасында кеншінің, ал 22 қарашада өңдеу зауытында конвейер жұмысшысының қаза тапқаны белгілі болды. Қарашаның 27-сі күні Жайсаң кенішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады