Қашқын миллионер Балушкин Ресей әскерлеріне Украинадағы соғысқа қажетті құрал-жабдық берді
Фото: бейнежазбадан скриншот
Қазақстанда іздеуде жүрген кәсіпкердің видеосын Мемлекеттік Думаның депутаты, «Ахмат» арнайы жасағының қолбасшысы Апти Алаутдинов жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алаутдинов өзінің Telegram-арнасында Анатолий Балушкинмен түсірілген видеосын жариялады. Бейнежазбада қашқын миллионер Қазақстандағы атышулы Bipek Auto және Asia Auto компаниялары жасаған Plastun рельефтік көлігінің артықшылықтары туралы айтады.
«Машинаны Новосибирскіде толығымен біздің инженерлер мен дизайнерлер жасап шығарды. Біз бәрін барынша қарапайым және сенімді етіп жасауға тырыстық», - дейді Балушкин бейнежазбада.
Қашқын кәсіпкер Алаутдиновке жарнамалап тұрған көлікті жаралыларды эвакуациялау және ойлы-қырлы жерлерден өту кезінде пайдалануды ұсынады. Балушкин сыйлаған көлікті Ахмат командирінің өзі К-700 тракторымен салыстырды. Алаутдиновтың айтуынша, ресейлік әскерилер Пластунның біреуін ғана алған.
«Біз оны сынап көреміз, біздің жауынгерлік жағдайдағы барлық параметр, көрсеткіштер бойынша оның қалай сынақтан өткені туралы толық көрсетеміз», - дейді Алаутдинов.
«Пластун». Фото: «Бипек авто»
«Ахмат» арнайы жасақтары Ресейдің Украинаға қарсы соғысына жаппай басып кірудің алғашқы күндерінен бастап қатысып келеді. Сонымен бірге, ресейлік әскерилердің өзі Ахматты майдан шебінен гөрі медиа кеңістігінде көбірек көзге түсетін бөлім ретінде бірнеше рет сынады.
Автомагнат Анатолий Балушкинді Қазақстан билігі 2021 жылдың тамыз айынан бері алаяқтық жасады деген айыппен іздеуде. Ол 2017 жылы үкіметпен келісім бойынша Өскемендегі өз кәсіпорнында 50 пайыздық жерсіндірілген көліктер шығаруды ұйымдастыруға уәде бергенімен, уәдесінде тұрмай, қашып кеткен.
2021 жылдың қаңтарында сот Балушкин компаниясынан 173,9 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өндіру туралы шешім қабылдады. Кәсіпкердің өзі әр жерде бас сағалап, қашып жүр. Дегенмен оның Ресейдің қолтығына барып тығылғаны да жасырын емес.
Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы кәсіпкердің Ресей азаматы екенін желеу етіп, оны Қазақстанға экстрадициялауға тыйым салды.
Балушкин сол кезде «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниясына қатысты істі рейдерлік жолмен басып алу екенін айтып, Қазақстан президентіне бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерді, соның ішінде Кәрім Мәсімов пен Асқар Мәминді жауапкершілікке тартуды сұраған.
Наурыздың 17-сі күні сот «Бипек Авто» мен «Азия Авто» компанияларының бірнеше топ-менеджерлеріне үкім шығарды. Бірақ ешқайсын соттамады.
Анатолий Балушкин иемденіп алған Шығыс Қазақстанда атақты «Рахман қайнары» шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекетке қайтарылды.
Ғаламторда «Азия Авто» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Анатолий Балушкиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті, оның орынбасары Дәулет Ерғожин және бұрынғы премьер-министр Асқар Маминді жауапқа тартуды сұраған хаты тарады.
2020 жылы "Forbes Kazakhstan" журналының қазақ бөлімі елдегі ең беделді 50 бизнесменнің рейтингін жариялады, оның қатарында біз әңгіме етіп отырған қашқын миллионер Балушкин де бар еді.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты