«Яндекс.Такси» бұғаттау туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы экономикалық сотының баспасөз қызметі «Яндекс.Такси» ісі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларға қатысты шешім заңды күшіне енбегенін және мәжбүрлеп орындау туралы мәселе туындамағанын хабарлады.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.
Биылғы 19 мамырда сот G-Tax ЖШС-нің «Яндекс.Такси» -ге қарсы интеллектуалдық меншік құқығына байланысты пайдалы модель - такси қызметіне автоматтандырылған тапсырыс беруге қатысты талап арызы бойынша іс қаралды.
— Сот компанияның қызметіне шектеу қоймады (уақытша шаралар қолданылған жоқ). Қазіргі уақытта апелляциялық шағымдар беріліп жатыр, іс апелляциялық сатыда қаралады, - деп хабарлады қалалық экономикалық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Яндекс.Такси» қызметіне тыйым салу және Қазақстандағы қосымшаны бұғаттау туралы шешім шығарды.
Істі қарау шеңберінде сот компанияның қызметіне шектеу қоймады. Қазіргі уақытта апелляциялық шағымдар беріліп жатыр және дау апелляциялық сатыда қаралатын болады.
Өз кезегінде, «Яндекс.Такси» қызметі Қазақстандағы бұғаттау туралы ақпаратты жоққа шығарды. Компания Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотының шешімі қызметтің Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қоймайтынын түсіндірді. Yandex.Taxi баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова Лента.ру редакциясына жолдаған хабарламасында:
— Біздің қызмет жұмыс істейді және жұмыс істей береді. Патенттік дауға келетін болсақ, компания апелляциялық шағым беріп жатыр,- деді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Тұралиева патенттелген автокөлікке тапсырыс беру жүйесіне байланысты «G-Tax» ЖШС-нің талап арызын ішінара қанағаттандырды, компания Yandex.Go олардың эксклюзивті құқықтарын бұзды деп санайды. Судья ел аумағында тек қосымшаларға ғана емес, сонымен қатар Yandex.Pro жеке кабинетінің веб-нұсқасына және браузерден такси тапсырыс беру үшін веб-сайтқа кіруге тыйым салу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- «Белдікпен буындырды»: Маңғыстауда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасады
- Атышулы P. Diddy төрт бап бойынша ақталды
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
- Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Омбы арасында жолаушылар тасымалдануы мүмкін
- «Иттерім қымбат»: Баланы төбеттерден қорғаған адамнан иттердің иесі өтемақы талап етті
- Кенені өртемек болған Түркия тұрғыны 12 гектар орманды жойып жіберді
- Ресей мен Әзірбайжан айқасы: Екі елде қарсы тарап азаматтары ұсталды
- AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы пайда болды
- Еститін үкіметке: Аралтұздағы жұмыссыздық және қарапайым жұмысшының көрген теперіші
- Несиеге батып, бүйрек сатқан қазақ жанұясы: Адам ағзасын саудалаған қылмыстық топқа ерлі-зайыптылар қалай кірді?
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады