«Белдікпен буындырды»: Маңғыстауда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасады
Фото: ІІМ
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында такси жүргізушісіне екі жолаушы шабуыл жасады. Қаскөйлер оны буындырып өлтірмек болған. Кейін көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ-нің мәліметіне қарасақ, оқиға Түпқараған ауданында болған. Екі ер адам таксиге отырып, Ақшұқыр ауылының шетіне жеткенде, жүргізушіге күтпеген жерден шабуыл жасаған. Олар қауіпсіздік белдігін жүргізушінің мойнына орап, буындырмақ болған. Артынша оны көліктен шығарып, Hyundai Accent маркалы автокөлігін айдап кеткен. Бақытына орай тұншыққанына қарамай, жүргізуші аман қалған.
«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.
Күдіктілер ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, Алматы облысында 10 жастағы Максим Головачёв есімді оқушыға ойын алаңқайында ойнап жүрген кезде бірнеше ірі төбет шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған еді. Бет-аузы тырналған, иттер тістемеген жері қалмаған. Бала бір құлағынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық